Алматыда журналист Асхат Ниязовты ұстап әкетті. Бұл туралы белсенді Салтанат Тәшімова Facebook парақшасында хабарлады.
Белсенді журналистің Бостандық аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілгенін айтты. Ниязовтың нақты не себепті ұсталғаны әзірге белгісіз. Дегенмен Ниязовтың сөзінше, оны бір күн бұрын қала әкімі Ерболат Досаевтан тағы да сұхбат алу үшін «әкімдікте төбелесті» деген айыппен ұстады.
Асхат Ниязов – «Обожаю» Youtube арнасының авторы. Ол Қазақстан облыстары мен қалаларының әкімдерінен сұхбат алып, арнасына жариялайтын. Бірақ кейінгі екі жарым жылда Алматыны басқарған Ерболат Досаев Ниязовтың «алматылық тұрғын емес» екенін айтып, оған бірде-бір рет сұхбат бермей, бас тартқан.
Біраз уақыттан соң полицияның Асхат Ниязовты босатқаны хабарланды.