Алматы әкімдігі 8 наурызда әйел құқығына қатысты митиң өткізуге рұқсат бермей отыр

Феминистер Алматы әкімдігінінен 8 наурызда әйел құқығына қатысты митиңді өткізуге рұқсат беруді талап етіп отыр. Бұл туралы олар Қазақстанның пресс-клубында өткен конференцияда мәлімдеді.

Фем-белсенділер жыл сайын 8 наурызда Алматыда әйел құқығына қатысты марш өткізеді. Биыл да олар «Қазақстандық әйелдердің еркіндігі мен қауіпсіздігі» деген тақырыпта митиң ұйымдастыруды жоспарлап, әкімдікке өтініш жолдаған. Алайда қала әкімдігі олардың өтінішіне үш рет, сот екі рет бас тартып, рұқсат бермей қойған. Әкімдік бұл іс-шара «қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді» деп есептейтінін мәлімдеген.

Феминистер әкімдіктің пікірімен келіспейді. Олар биліктің бұл әрекеті цензура әрі дискриминация екенін айтты.

“Әкімдік бұл марштың қоғамдық тәртіпке қалай қауіп төндіретінін түсіндірмеді. Сот та, әкімдік те ешқандай дәлел келтірмеді. Біз өзімізің Конституциялық құқығымызға ие бола алмай отырмыз. Оған қоса әкімдік митиң ұйымдастырылатын орындар бос емес екенін айтқан. Онда мемлекеттік мәдени іс-шара өтеді дейді. Бірақ мұндай кезде азаматтардың бейбіт митиңіне басымдық беру керек еді. Себебі мемлекеттік мәдени іс-шараны қаланың кез келген жерінде өткізуге болады. Ал бейбіт митиңді, маршты басқа жерде ұйымдастыра алмаймыз. Әкімдіктен сұрайтыным – жылына бір рет үш сағат құқығым туралы айтуға мүмкіндік беру. Көп зат сұрап жатқан жоқ деп ойлаймын” -, деді белсенді Любовь Воронцова.

Оған қоса белсенділер әкімдіктен бұл іс-шараның нақты 8 наурызда өткізуге рұқсат беруін талап етті. Құқыққорғаушы Әйгерім Құсайынқызының айтуынша, митиңнің атаулы датада өткені маңызды.

“Мысалы, Жаңа жылдың 29 желтоқсанда, Наурыздың 1 мамырда тойланғанын көрдіңіз бе? Бұл күн қазақ әйелдерінің жадында тек гүл мен сыйлық алатын емес, әйел құқығы үшін күрес күні деп қалғанын қалаймыз”, – деді заңгер.

Factcheck.kz