Зерттеу: интернеттегі Deepfake видеолардың 96%-ы порно

Нидерландағы киберқауіпсіздік компаниясы Deeptrace-тің желідегі deepfake видеоларға байланысты зерттеу жариялады. Компанияның зерттеуі бойынша дипфейк видеолардың 96 пайызы порно болып шықты. The next web сайтының хабарлауынша жалған видеолардың жалпы көрсетілім саны 134 миллионнан асады.

Дипфейк порнолардың басым көпшілігінде басты кейіпкері – әйел. Бостон университетінің құқық факультетінің профессоры, “Киберкеңістіктегі өшпенділікке негізделген қылмыстар” кітабының авторы Даниэль Ситрон мұндай жалған видеолар әйелдерге қарсы қару ретінде қолданылатынын айтты.

Ситрон дипфейк-порно видеолар әйелдерді қорлайды және ұялатады дейді. Оның айтуынша мұндай секс-видеолар адамдарға олардың денесі өзіне тиесілі емес деп айтып, жеке өміріне қолсұғады.

Интернетте 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап 14 678 дипфейк видео жарияланды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 100% көп. Былтыр желіге 7 964 жалған видео жүктелген еді. Жарияланған видеолардың 96 пайызы порно.

Шілде айында АҚШ-тың Вирджиния штатының жалған порноға, оның ішінде deepfake технологиясын қолдануға тыйым салды. Вирджиния дипфейк үшін заңды түрде жаза қарастыратын алғашқы штат.

Дипфейк деп  жасанды интеллектің көмегімен өңделген кез-келген видео немесе фотоны айтамыз. Жүйе шын адамның суретін пайдалана отырып, оның негізінде жалған видео жасап шығарады.

Factcheck.kz