Қазақстан мектепке дейінгі білім беру сапасы бойынша топ-10 елдің қатарында екені рас па?

4 қазанда Zakon.kz порталы Білім және ғылым министрлігінің (бұрынғы) жауапты хатшысы Арын Орсариевтің бірнеше мәлімдемесін жариялады, оның ішінде:

  • Қазақстан TIMSS сарапшыларының пікірі бойынша мектепке дейінгі біліммен қамту және сапасы бойынша әлемнің үздік он елінің құрамына кіреді,
  • біз математикалық компетенция және «басқа да пәндер тізімі» бойынша 30 үздік елдің қатарындамыз,
  • «бірақ білімді тәжірибеде көрсету жағы бізде нашар. PISA зерттеуі бойынша, біз тіпті 50 елдің құрамына енбейміз».

Үш пікірді де тексереміз.

Қазақстан мектепке дейінгі білім беру сапасы бойынша топ-10 елдің қатарында екені рас па?

«TIMSS сарапшыларының пікірі бойынша Қазақстан математикалық компетенция мен басқа да пәндер қатары бойынша үздік 30 елдің құрамына енеді.

Үкім: Шындық

Дегенмен спикер оқушыларымыздың жетістіктерін азайтып айтты.

TIMSS and PIRLS International study center сайтында 2015 жылғы тест нәтижесіне қатысты барлық ақпарат бар (2019 жылдың қорытындысы 2020 жылдың желтоқсанында жарияланады), тіпті инфографика түрінде көрсетілген.

Қазақстан мектепке дейінгі білім беру сапасы бойынша топ-10 елдің қатарында екені рас па?
Математикадан 4 сынып оқушылары арасындағы TIMSS нәтижесі. Мұнда біз 12-орындамыз.
Қазақстан мектепке дейінгі білім беру сапасы бойынша топ-10 елдің қатарында екені рас па?
Математикадан 8 сынып оқушылары арасындағы TIMSS нәтижелері. Бұл жерде 7-орындамыз.

Табиғи-ғылыми пәндер бойынша біздің 4 сынып оқушылары 8-орында, ал 8 сынып оқушылары 9-орында тұр.

«Білімді тәжірибеде көрсету жағы бізде нашар (нашарлап бара жатыр – Авт.). PISA зерттеуіне сенсек, біз тіпті топ-50 елдің құрамына енбейміз».

Үкім: Жартылай шындық

PISA-2015 тестімен болған казус туралы біз бұрын жазғанбыз. 2018 жылдың нәтижесі әлі жарияланбады. Халықаралық дәрежеде 2015 жылғы қазақстанның тест нәтижелерін ресми мойындауда түрлі мәселелер болғанымен, ұлттық есеп жарияланды, сол себепті бағалауда (және үкім шығарарда) осы құжатты және барлық елдердің 2015 және оған дейінгі 2012 жылдарға ЭЫДҰ-ның еркін есебін негізге аламыз.

  • Табиғи-ғылыми пәндер бойынша қазақстандық оқушылар орташа есеппен 456 ұпай жинап, нәтижесінде 2015 жылдың қорытындысында бұл тізім бойынша біз 42 орындамыз (ЭЫДҰ есебінің 323 беті), ал 2012 жылғы нәтижеде 50-орында.
  • 2015 жылғы тестке қатысқан 15 жастағы қазақстандықтар  оқу бойынша орташа 427 ұпай алған, оны басқа елдердің жасөспірімдерінің нәтижесімен салыстырғанда біздікілер 53-орынды Тринидад және Тобаго, Монтенегро және Коста-Рикамен бөліскені белгілі болды. 2012 жылы (377 бет) Қазақстан 61-орын алған болатын.
  • Математикадан 2015 жылы 44-орын (389 бет), 2012 жылы 46-орын иеленген.

Жалпы 2015 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан топ-50 құрамына кірді. Бірақ ЭЫДҰ есебінің 304-бетіне назар салсақ, Қазақстанның нәтижелері салыстыруға жатпайды деген ақпаратты көзіміз шалады. Себебі, «Қазақстанда кодтаушылар таңбалау мәселесіне «түсіністікпен қараған». Соған сәйкес, тапсырмалардың қолша кодталған параграфтары PISA стандарттарына сәйкес келмей, халықаралық ақпараттар базасынан алынып тасталды. Бұл параграфтар ақпараттардың маңызды массиві болғандықтан, оларды алып тастау Қазақстанның нәтижелерін басқа елдермен, тіпті өткен жылдардағы Қазақстанның нәтижелерімен салыстыруға келмейтіндей жағдайға әкелді».

Ал 2012 жылы расымен еліміз топ-50-ге енбеді.

«Қазақстан мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету және білім сапасы бойынша әлемнің үздік он елінің қатарына кіреді. «Балапан» бағдарламасы бойынша қамту 95%-дан көп.

Үкім: Жартылай шындық

Алдымен мектепке дейінгі білім беру қай жастарды қамтитынын анықтап алайық. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оытудың жалпыға міндетті стандарты» құжатында «Мектепке дейінгі білім беру – бұл үш пен жеті жас аралығындағы баланы оқыту, дамыту, тәрбиелеу, қарау және күту» делінген.

Сонымен қатар, саясатын Қазақстан да бөлісетін (және ұйым жасаған стандарттарға ұмтылатын) Early Childhood Education and Care (ЕСЕС) атты ЭЫДҰ бағдарламасы  балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеуді туғаннан бастау сынды сұрақтармен айналысады.

ҚР БҒМ 2019 жылғы 24 маусымындағы «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру» құжатында «1-3 жас аралығындағы балаларды қамту – 31,7%, 3-6 жас – 95,2%, 1-6 жас – 77,1% (құрайды)».

Жоғарыда аталған  «Балапан» бағдарламасы бойынша 2019-2020 жылдары балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен білім берумен 100% қамту жоспарланған (бағдарламаны жүзеге асырудың 7 кезеңі).

Дегенмен, бағдарламаға қатысты қаулылар бірнеше жыл бұрын күшін жойған. Сонда да, санмен сөйлейтін болсақ расында (ҚР БҒМ құжатынан анық болғандай) 92,2% балалар (тек 3-6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру қызметтерін алады. Басқа елдердің жағдайы мынадай (2015 жылғы ЭЫДҰ-ның Қазақстандағы ЕСЕС есебі бойынша):

Қазақстан мектепке дейінгі білім беру сапасы бойынша топ-10 елдің қатарында екені рас па?

Көріп отырғанымыздай, 2013 жылы біз топ-10-ға кірген жоқпыз (3-6 жас аралығы бойынша), бірақ ЭЫДҰ елдерінде 2013-2019 жылдар аралығында мектепке дейінгі білім беру бойынша ештеңе жаман жаққа өзгермегенін ескерсек, кестеге сенсек, жақсы дегеннің өзінде біз шамамен 11-орындамыз. Оған дейінгі жас ерекшелігі бойынша да ондыққа кірмейтін тәріздіміз. Төменде «ҚР білім беру жүйесінің дамуы мен жағдайы туралы ұлттық баяндама»-ның скрині:

Қазақстан мектепке дейінгі білім беру сапасы бойынша топ-10 елдің қатарында екені рас па?
2016 жылмен салыстырғанда 2019 жылы Қазақстанда балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен білім берумен қамту 1,1%-ға артты, бірақ ондыққа кіру мәселесін өзгертпеді.

Енді мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру сапасы туралы. Қазақстандағы ЕСЕС бойынша ЭЫДҰ ревьюінде 2017 жылы (95 бетте дәл осылай делінген) Қазақстандағы ЕСЕС (баланы ерте жастан оқыту мен тәрбиелеу) жүйесі, оның сапасы мен балаларды дамыту нәтижесі тым шектеулі.

Осылайша, біз балаларды оқыту сапасы бойынша үздіктер қатарындамыз деп мәлімдей алмаймыз, дегенмен керісінше айтуға да құқымыз жоқ.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz