Манипуляция | Қазақстан мектеп оқушыларының білімі бойынша әлемде 9-орында

Қаңтардың 13-інде “Қазинформ” халықаралық ақпарат агенттігі ваучерлер мен жеңілдіктер сататын халықаралық Vouchercloud порталына сілтеме жасап, “Қазақстан оқушылары білім деңгейі бойынша әлемде 9-орынға шықты” делінетін материал жариялады. Forbes-тың ағылшын тіліндегі нұсқасында бұл метериалды қазақстандық медиаға қарағанда біршама ерте жариялады.

Среднее образование в Казахстане

Мұнан соң басқа БАҚ-тар көшіріп басты. Қаңтардың 14-інде Tengrinews тап сол жеңілдіктер сататын порталға сілтеме беріп, “Қазақстан әлемдегі ең ақылды елдер қатарына кірді” деген тақырыппен материал жариялады. Айтпақшы, Нұрлан Иманғалиев есімді Фэйсбук қолданушысы бұл ақпараттың дереккөзін тексерген. Онымен мына сілтемеге өтіп таныса аласыз.

Бұл жолы қазақстандық БАҚ-тың ақпаратты беру әдісін талдамай-ақ, бірден Vouchercloud жариялаған рейтингіге тоқталайық.

Образование в Казахстане
Vouchercloud-тың үш өлшем бойынша жүргізген анализінің қорытындысы: Нобель сыйлығы иегерлерінің саны, халықтың орташа IQ деңгейі және мектеп оқушыларының халықаралық тестілеудегі көрсеткіштері.

Ал мынау – “оқушылардың қиын тапсырмаларды орындау көрсеткіші бойынша Қазақстан 9-орын алғаны” жазылған “есептің” бір бөлігі (оқушылардың 32,64 пайызы қиын тапсырмаларды орындай алады).

Среднее образование в Казахстане

Үкім: Манипуляция

Vouchercloud сілтеме жасайтын Дүниежүзілік банк есебіне сүйенсек, Қазақстан 10-орында тұр. Біз бұл ақпаратты тексердік – шынында солай. Қаласаңыз мына сілтемеден көріңіз.

Рейтингінің өзі, әсіресе БАҚ-тың бұл есепті қалай таратқаны оқырмандарды адастырады, ақыл мен білім деген екі түсінікті шатыстырып жібереді.

Vouchercloud зерттеуінің не кемдігі бар?

Рейтингіні жасағандар деректің актуалдығы мен шынайылығына мән бермеген. Мектеп оқушыларының жетістік “рейтингін” жасау үшін авторлар OUR WORLD IN DATA порталы жасаған кестеге жүгінген.

Есімі Esteban Ortiz-Ospina деп көрсетілетін автордың блогында жаһандық білім сапасына арналған 4 диаграмма бар. Бұл, автордың сөзінше, Дүниежүзілік банктің “Global data set on education quality (1965–2015)” зерттеуіне негізделген. Зерттеу авторлары – Надира Алтинока (University of Lorraine, France), Ноама Ангриста (Oxford University) және Factcheck.kz материалында аты бұған дейін аталған, Дүниежүзілік банктің білім беру тәжірибесі бойынша директоры Гарри Патринос.

Среднее образование в Казахстане

Зерттеуді оқып шықтық. Бірақ “қазақстандық оқушылардың 32,64 пайызы халықаралық және аймақтық тестілерді (мәселен, PISA мен/немесе TIMSS) тапсыру кезінде жоғары нәтиже көрсеткен” дегенді таба алмадық. Бірақ автор мынадай графикке сілтеме берген.

Демек, Қазақстан оқушыларының 32,64% тестіден жоғары балл алулары керек еді, яғни TIMSS бойынша 625-тен, 633-тен (математика, PISA), 607-ден (жаратылыстану білімі және оқу, PISA) жоғары. Тест нәтижесінің қалай сараланатынын мына жақтан білуге болады (76-бет).

График жоғарыда аттары аталған зерттеушілердің деректеріне сүйеніп жасалған: Noam Angrist, Harry Patrinos, Nadir Altinok. Базаны “DATA” түймесін басып жүктеп алуға да болады.

Среднее образование в Казахстане

Тағы да айтамыз – автор сілтеме жасаған OUR WORLD IN DATA порталында балалардың тестіден алған балдары жоғары, төмен я орташа деп бөлінбеген де, көрсеткіштер пайыздық көлшемге де салынбаған. Есепті мына сілтемеден көшіріп алуға болады.

Желіден бұл зерттеудің драфт нұсқасын да табуға болады – бірақ 2017 жылы жарияланған әлгі жазбада авторлар бұл есепке сілтеме беріп бөліспеуді сұраған. Ол зерттеуде де көрсеткіштер бөлінбеген, алайда “елдің орташа когнитивті көрсеткіштері” бойынша және жас мөлшері негізінде топталған.

Неге 10-орын?

Vauchercloud сүйенетін рейтингіні Дүниежүзілік банк 2018 жылдың қаңтарында шығарған. Алайда тап сол жылдың қарашасында Дүниежезілік банк The human capital project есебін жариялады. Онда Қазақстан адам капитал индексі (Human capital index) бойынша 31-орында деп көрсетіледі.

Индекске әсер еткен екі біріккен компонент: Білім сапасының бірыңғай көрсеткіші – TIMSS балымен есептеледі (немесе TIMSS-тің PISA-ға қатынасы). Екіншісі – мектепте берілетін білімнің жылға шаққандағы тиімділігі.  Бұл өлшем бойынша Қазақстан 10-орында тұр (625 балдың 537-сі, мектептерде 1,5 жыл білім тиімсіз беріледі).

Пайыздық өлшемнің контексі

TIMSS бойынша жоғары көрсеткішке жеткен оқушылардың үлесі

OUR WORLD IN DATA мектеп оқушыларының жоғары, орташа және төмен нәтижелерінің орта шамасын қайдан алғаны – жұмбақ.

Шолу толық болсын деп, әрі өзімізге қызық болғандықтан, Дүниежүзілік банк аналитикасы негізге алған TIMSS пен PISA көрсеткіштерін зерттеп көрдік.

Среднее образование в Казахстане

Мына сілтемеге өтіп, TIMSS-2015 емтиханының барлық компоненті және оқушылардың жас мөлшері бойынша топтастырылған Ұлттық есеппен таныса аласыз. Мұнда әлемнің барлық елінің көрсеткіші.

TIMSS тесті бойынша оқушылар деңгейі төртке бөлінген: төмен, орташа, жоғары және үздік (OUR WORLD IN DATA зерттеуінде үш деңгейді есепке алып, “жоғарыны” ескермеген). Мұнда оқушылардың 2015 жылы TIMSS тестінде математика бойынша 4-8-сынып оқушыларының көрсеткен нәтижесі.

Мәселен, тестіге қатысып, жоғары және үздік нәтиже көрсеткен 4-сынып оқушыларының үлесі (пайызбен):

Среднее образование

8-сынып оқушылары арасында

Среднее образование

Дереккөз

PISA-ға жеке тоқталайық

Қазақстан 2015 жылы бұл емтиханға қатысқанымен, сынақты өткізген ұйымның – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының есебінде Қазақстан көрсеткіштері жоқ. Дүниежүзілік банк мынадай анықтама береді:

Среднее образование

Ұйым сайтында жазылған түсініктеме. Негізінен PISA командасы қазақстандық оқушылар жауабының күшін “стандарттарға сай келмейді” деп жойған.

“Жабық сұрақтарға берілген жауаптар білім деңгейі қандай екенін көрсетпейтіндіктен Қазақстан көрсеткіштерін басқа елдермен, я былтырғы көрсеткіштермен салыстыруға келмейді. Қалған ақпарат халықаралық деректер базасына жүктеуге келмейді. PISA Қазақстан тарабынан зерттеуге қатысқан кез келген 300 оқушының жауаптарын жіберуді сұраған. Қазақстан есепшілері (мұғалімдерді айтады) дайындағын деректер елдің былтырғы көрсеткіштерінен және биылғы жабық сұрақтарға берілген жауап көрсеткіштерінен мүлде басқа. Халықаралық бағдарлама өз ішінде талқылауында сарапшылар (мұғалімдердің) оқушыларға көмектескен деген шешімге келді. Осыған байланысты барлық нәтиже жарамсыз деп танылды”.

Дегенмен ұлттық есеп интернетте әлі бар. Мысал ретінде 15 жастағы қазақстандықтардың жаратылыстану пәндері бойынша білім деңгейін көрсетейік:

Среднее образование

5-6 деңгейдің тапсырмалары “білімнің үздік деңгейіне” сай келеді;

“Қазақстандық оқушылардың 0,1 пайызы ғана ғылыми жаңа құбылыстарға, оқиғалар мен процестерге қатысты гипотеза құра алды. Ал Сингапур оқушыларының 5,6% ең қиын 6-деңгейдің тапсырмасын орындады. Бұл – ең жоғары деңгей” деп жазылған ұлттық есепте.

Осылайша, 2015 жылғы TIMSS тестінің көрсеткіштеріне қарап, “қиын тапсырмаларды орындауға қазақстандық оқушылардың біраз бөлігі қабілетті” деп айтуға болса, PISA-2015 нәтижесіне келгенде шикілік көп. Қазақстан оқушыларының көрсеткіштері басқа елдермен салыстыруда ресми түрде есепке алынбағаны тағы бар.

Жоғарыда айтылғандарды ескеріп, Vouchercloud рейтингінің бір өлшемін есептеуде назарға алынған OUR WORLD IN DATA рейтингін сенімді көрсеткіш деп айтуға болмайды.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz