Беларусь билігі 70-ке жуық ақпараттық медианы бұғаттады

Беларусьтегі митингілердің салдарынан ақпарат министрлігі 70-ке жуық ақпараттық медианы бұғаттап, ондаған журналистің аккредитациясынан айырды. Бұл туралы Беларуский Телеграм каналы хабарлайды.

Бұғатталған сайттардың ішінде Радыё Свабода, The Village Беларусь, Медиазона және т.б басылымдар бар. Сонымен қатар, тамыз айында танымал телеграм каналдарында оқырмандардың саны күрт өсті, кейбір каналдарда жүздеген мың жаңа оқырман пайда болды.

Енді телеграм каналдар ақпарат алудың жалғыз ыңғайлы тәсіліне айналды. Мемлекеттің өзі адамдарды Telegram орнатуға және бұғатталған БАҚ-тың каналдарына жазылуға итермелеп отыр.

Осыған дейін Telegram Беларусь туын ақ-қызыл-аққа ауыстырған еді. Эмодзилар тізімінде Беларусьтің ресми қызыл-жасыл туы әлі бар. Бірақ оны еш мәтінсіз жіберген кезде оның орнына наразылық қозғалысының символына айналған “ақ-қызыл-ақ” ту көрсетіледі.

Factcheck.kz