ШЫНДЫҚ | Мектептің жөндеу жұмыстарына, гигиеналық заттарға мемлекет ақша бөледі

    school
    Фото pixabay.com сайтынан

    Үкім: Шындық

    Мектептердің жөндеу жұмыстарына, балаларға гигиеналық заттар алуға мемлекеттен қаржы бөлінеді. Дегенмен, жер-жерде мектептерде ақша жинау мәселесі тыйылмай отыр. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жыл басынан бері мектептерде ақша жинауды түбегейлі жою мәселесін бірнеше рет айтты. 12 мамырда өткен Жалпыұлттық ата-аналар жиналысында да мектепте ақша жинау мәселесі сөз болды.Білім және ғылым министрінің орынбасары Бибігүл Асылова да Парламент Мәжілісі депутаттарының алдында жөндеу жұмысына ақша жинауға болмайтынын айтқан. Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев болса, ақша жинау фактілері жөнінде жеке өзіне хабарлауды сұраған.

    baq.kz
    скриншот baq.kz сайтынан

    Дегенмен, оқушылардан ақша жинау, соның ішінде жөндеу жұмыстарына да ата-аналардан көмек сұрау тыйылмай отырғаны байқалады. Егер Google іздестіру жүйесіне «мектепте а…» деп терсеңіз-ақ, «мектепте ақша жинау» деген сөз атып шығады. Бұл тіркес бойынша 16 500 жазба болуының өзі ойландыратын жайт. Ал «поборы в школах Казахстана» деген тіркес бойынша Google 150 000-нан астам нәтиже көрсетеді.

    Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Рахат Шимашеваның атына жазылған шағымдарданн да мәселенің өзекті екенін байқадық:

    orbi.biz.org
    скриншот orbi.biz.org сайтынан
    orbi.biz.org
    скриншот orbi.biz.org сайтынан

    Factcheck.kzатынан Алматы қаласы Білім басқармасы басшысына хат жолдап: «Мектептерде қандай жағдайда ақша жинауға рұқсат етіледі? Жөндеу жұмыстары мен гигиеналық заттарға ақша бөліне ме?» – деп сұрағанбыз. Басқарма басшысының орынбасары Л.Жылқыбаеваның берген жауабына сүйенсек, мектептерде ата-аналардан ешқандай жағдайда ақша жинауға болмайды. Жөндеу жұмыстарына да, гигиеналық заттарға да ақша мемлекет тарапынан бөлінеді:

    Scan1

     


    factcheck.kz мақалаларында аты-жөні аталған тұлғалар немесе оқырман біздің үкіммен немесе дәлелдемелерімізбен келіспейтін болса, тиісті материалдарды ұсынған жағдайда редакция үкімді қайта қарастырып, құжаттарды жариялауы мүмкін.

    Бұл басылым Сорос-Қазақстан Қорының қаржылай қолдауымен дайындалды (жарияланды, жарық көрді). Бұл жарияланымның мазмұны автор(лар)дың пікірі мен көзқарасын білдіреді, оның Сорос-Қазақстан Қорының көзқарасымен сай келуі міндетті емес.