Министрометр: Қалмұханбет Қасымов уәдесінде тұрды ма?

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов 2011 жылдың 11 сәуірінен бері Ішкі істер министрі. Қасымовтың қызметі кезінде болған Жаңаөзендегі оқиға, Алматы мен Ақтөбедегі теракт және уақытша тіркеуге байланысты оқиғалар халық есінде ұзақ сақталары анық. Бұл жолғы министрометр сіздердің Ішкі істер министрлігінің жұмысымен қаншалықты таныс екендеріңізді анықтайды. Ендеше, кеттік, бірге тексерейік.  

АПДЕЙТ 12.02.2019 Қ.Н. Қасымов ҚР ІІМ қызметінен босытылып, Қазақстан президенті көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды. 

1.Informburo.kz: Қазақстандық және қытайлық қос ғашықтың тағдырын шешуге уәде берді. 

2.YouTube: “Халыққа жеткіземіз” (лаңкестік кезіндегі әрекет алгоритмі туралы жадынама дайындау жөнінде). ІІМ министрлігі сайтында ондай жадынама әлі күнге дейін жарияланбаған.

3. Ng.kz: 2014 жылдың 1 желтоқсанынан бастап түрлі-түсті суреті бар жеке куәлік беріле бастайды.

4. 365info.kz: Кейде айыппұл төлемеуге болады – ІІМ ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 890-бабы.

5. Sputniknews.kz: ІІМ басшысы Мұратхан Тоқмадидің ұсталуына қатысты пікір білдіруге уәде берді.

6. Online.zakon.kz: 2013-2014 жылдарға арналған бюджетті құру барысында қауіпсіздігі төмен қаруларды алуға қаржы қарастырылады. 2013-2014 жылға арналған бюджет жоспары.

7. YouTube: Жол қозғалысын реттеушілерге арналған жаңа форма.

8. YouTube: Биылдан бастап  қол радарларынан бас тартамыз, оның орнына автоматты  радарлар қолданылады.

9. Informburo.kz: Шетелдерге экстремистік, лаңкестік оқиғаларға қатысу үшін кеткен азаматтарды азаматтығынан айыру туралы өзгерістер енгізілді. ҚР Азаматтық туралы Заңының 21-бабы.

10. Informburo.kz: Аңшылық қаруды сатуға тыйым салынбайды, бірақ талаптар күшейеді.  

11. YouTube: Автомектептердегі арнайы курстарға қатыспай-ақ жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыруға рұқсат беруге уәде берді. 2016 жылы автомектептерде міндетті түрде оқуды алып тастады.

Журналист Factcheck.kz

Factcheck.kz