Менингиттен қорғану үшін вакцина салдыру керек пе?

    Біршама уақыт бұрын Қазақстанда менингит эпидемиясы жоқ екені туралы жазған болатынбыз. Осы күндері қауіпті инфекциядан қалай қорғануға болады, ауру тарап жатқан уақытта екпе салдыру керек пе деген сұрақтар көпшіліктің көкейінде жүр.

    «Екпені дәл қазір салдыру керек»

    Үкім: Жалған

    Дәл қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескерсек, екпе салдырудың қажеті жоқ.

    Бұл мәселені С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ балалар жұқпалы аурулар кафедрасының доценті, м.ғ.к. Күміскүл Умешова бізге былай деп түсіндірді:

    «Адам ағзасында 30 күн ішінде қалыптасады, 22 – 23-күндері ағзаны қорғайтын механизм пайда болады. Инфекция кең таралып жатқан уақытта ауруды жұқтырып алмау үшін вакцина салдыру қорғанудың ең дұрыс жолы емес. Менингококк инфекциясы (М.И.)  өршитін кезең қыс-көктем мезгіліне тұспа-тұс келеді. Сондықтан да, менингококк инфекциясына қарсы екпені ақпан айының басында салдырған жөн. Күзде бұл инфекция болмайды деуге болады. Алайда, бірінші сыныпқа баратын және жаңа ортаға қосылатын балалар екпе салдырып, жаңа оқу жылына дайындалуларына болады».

    «Ауру өршіп тұрған уақытта вакцина алған адамның ауруды жұқтырып алу қаупі жоғары»

    Үкім: жалған

    Біз бұл сұрақты С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ балалар жұқпалы аурулар кафедрасының жетекшісі, м.ғ.д. профессор, Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс балалалар инфекционисті Әділ Қатарбаевқа қойдық. Екпе салдырған адамның дені сау болса, онда қауіп жоқ. Денсаулық сақтау министрі келтірген деректерге сүйенсек, елімізде 300 адам өз еркімен вакцина салдырған. Ал, ауруды жұқтырып алу қаупі жоғары  Алматы қаласында тіркелгендер ішінде екпе салдырған бірде-бір адам жоқ.

    Контекст

    Қоздырғыш бактериялардың түрлері

    Денсаулық  сақтау ұйымының мәліметтерінше, бірнеше түрлі бактериялар қатары менингитті қоздырушылар болып саналады. Ірі эпидемияға жеткізуге қауқарлы сондай бактериялардың бірі – Neisseria meningitidis. N. Meningitidis бактериясының 12 серотобы анықталған. Олардың алтауы (A, D, C, W135 және X) эпидемия тудыра алады. Инкубациялық кезең 4 күнге жалғасады, бірақ 2-10 күн аралығына дейін құбылуы мүмкін.

    Қалай қорғанамыз?

    Қазіргі таңда аурудың алдын алудың ең тиімді тәсілі – вакцинация. Оның үш түрі бар. Отыз жылдан астам уақыт бойы аурудың алдын алу үшін полисахарид вакциналар қолжетімді болып келеді. Менингококк полисахарид вакциналалар еківалентті (А және С топтары),  үшвалентті (А, С және W топтары) немесе төртвалентті (А, С, Ү және W топтары) болады.

    «В» типіндегі бактериялардан вакцина бар ма?

    Сұхбат барысында Әділ Қайырбекұлы әлемде мұндай вакцинаның бар екенін атап өтті. Ол «В» серотипінен салынатын моновалентті вакцина. Инфекцияның мұндай түрі Еуропа елдерінде кездеседі. Бұл вакцина Қазақстанға әкелінбейді.

    Алматыда қазір қандай серотип таралып жатыр?

    Бас дәрігер Ержан Болатбекұлы Сералиннің айтуынша, қазіргі уақытта Алматыда «А» және «Б» типті менингококк инфекциясы таралып жатыр. Өзге аймақтарда «С» типіндегі инфекциялар анықталып отыр.

    Таралып жатқан серотиптерді ескерсек, қандай вакцина ең тиімді?

    Бұл сұраққа нақты жауап беру қиын. Біздің аймақта (Алматы-ред) әр бала үшін құрамында «А» және «Б» типі бар вакцина болу керек. Алайда бұл екеуі екі түрлі вакцина, және ол екеуін бір уақытта салу өте үлкен иммунологиялық салмақ түсіреді.

    ответ на Ваш запрос по менингиту

    Қазақстандықтарға қандай вакцина қолжетімді?

    International Medical Center отбасылық медицина клиникасының директоры Александра Шинкаренконың айтуынша, қазір Қазақстанда тек бір ғана вакцина бар. Ол – Менингококтік тетравалентті тазартылған полисахаридті конъюгацияланған вакцина. Өндіруші — GlaxoSmith Kline, Бельгия. Ол менингококктың А, С, W және Y төрт серотиптерінен қорғайды.

    Қалада жыл сайын менингококк инфекциясымен байланысты оқиғалар тіркелетінін ескерсек, вакцинация алдағы уақытта аурудан қорғауы мүмкін. Көптеген батыс елдерінде менингококк инфекциясынан қорғайтын екпе салдыру міндетті болып табылады.

    Сонымен қатар, біз пациенттерге вакцина менингококк инфекциясынан жүз пайыз қорғай алмайтынын ескертеміз. Қазақстанда менингиттен вакцинация салдыру немесе салдырмауды адамдардың өздері шешеді. Екпені қолдануға болмайтын жағдайлар анықталмаса,  кез келген адам салдыра алады. Менингитпен ауырған адаммен байланыс жасаған жағдайда,  Антибиотикопрофилактика ауру өршіп тұрған уақытта инфекцияны жұқтырып алмаудың тиімді жолы болып саналады.

    Вакцина қауіпті ме?

    Әдетте вакцина жағымсыз реакция бермейді. Бірақ дәрі егілген орын ісінуі және ауыруы мүмкін. Дене температурасы көтеріліп, бас ауырып, мазасыздық та болуы ықтимал. Сирек жағдайлардада инъекция орны қызарып, бөртпелер пайда болуады.

    Бұрын соңды Нименрикске аллергия болған адамдарға қолдануға болмайды. 2018 жылы препаратқа  берілген түсініктеме жаңартылған болатын. Онда жас бойынша шектеу алты айға дейін төмендетілді. Ескі нұсқасында 12 айға дейінгі балалаларға қолдануға болмайды делінген. Сонымен қатар, жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдерге (анасына болуы мүмкін пайда баласы үшін жанама әсер қаупінен жоғары болатын жайдайды ескермегенде) қолдануға болмайды. Дәл екпе салдырар уақытта дене қызуы көтеріліп тұрса, қолдануға тыйым салынады. Препараттың жанама әсері жайлы ақпаратты толығырақ нұсқаулықтан таба аласыз.

    Инструкция Ниментрикс

    Алматы қаласында вакцина бағасы 22 500 — 27 000 теңге аралығында. Егер сатып алу бағасы өзгермесе, бұдан қымбаттамайды.

    Тобықтай түйін…

    Екпе салдыру керек, бірақ дәл қазір салдыру міндетті емес. Қолданыста бар Нименрикс Алматыда таралып жатқан «В» типті бактериядан қорғамайды.

    Біздің сұрақтарымызға Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс балалалар инфекционисті Әділ Қатарбаев жауап берді.

    Менингококк инфекциясы қалай беріледі?

    М.И. адамнан адамға ұзақ уақыт бойы бірге болғанда және өте жақын қашықтықта болғанда ауалы-тамшылы жолдармен жұғады. Қоздырушы сыртқы ортаға төзімсіз келеді және таза ауада тез жойылып кетеді. Инфекция бір метрден артық тарамайды.Су арқылы берілмейді. Сыртқы ортада тез жойылып кететіндіктен, М.И. суда болмайды. Бассейндерде және су жиналатын жерлерде инфекцияның басқа түрі, менингиттің энтеревирусті типі, болуы мүмкін.

    Қалай сақтануға болады?

    Жеке гигиене ережелерін сақтау;

    Бөлменің ауасын жиі тазарту және үйді тұрақты түрде сумен жуып-шаю, тазалау;

    Ауасы дұрыс тазартылмайтын жерлерге бармау;

    Ұйымдастырушыларға іс-шараларды далада өткізуге кеңес беріледі;

    Маска тағу ережелерін дұрыс орындау. Яғни, тек тар жерлерде, қоғамдық көлікте адам көп болғанда міндетті түрде маска тағу керек. Көшеде тағудың қажеті жоқ. Себебі, маска ылғалданған сайын аурутудырушы микроағзалар жиналады. Масканы әр сағат сайын немесе бір жарым сағат сайын ауыстырып тұру керек. Пайдаланылған масканы ең алдымен пакетке салып, одан кейін ғана қоқыс жәшігіне тастау керек. Ауру өршіп тұрғанда сүюді (сүйісуді) шектеген жөн.

    Әділ Қайырбекұлы ауру бірте-бірте бәсеңдейді деп болжам жасап отыр. Бұл инфекцияның циклі ерекшелігіне байланысты. Ол әр 10-12 жыл сайын осылай өршіп тұрады. Инфекцияның ендігі өршуі 2025-2026 жылдарға сәйкес келуі мүмкін.

    Сонымен қатар, Әділ Қайырбекұлы Алматы қалалық Денсаулық сақтау Басқармасының басшылығының қадағалауымен  менингококк инфекциясының алдын алу және ары қарай таралуын тоқтату бойынша барлық қажетті шаралар атқарылып жатқандығын атап өтті. Мониторинг жасалып, науқастармен байланысты болған адамдар антибиотикотерапиядан өтіп жатыр.

    Медицина  қызметкерлерінің Күні қарсаңызда дәрігерлер мен медицина саласының қызметкерлеріне алғыс білдіреміз. Сонымен қатар, Әділ Қайырбекұлы Қатарбаевқа берген сұхбаты үшін үлкен рахметімізді айтамыз!

     


    factcheck.kz мақалаларында аты-жөні аталған тұлғалар немесе оқырман біздің үкіммен немесе дәлелдемелерімізбен келіспейтін болса, тиісті материалдарды ұсынған жағдайда редакция үкімді қайта қарастырып, құжаттарды жариялауы мүмкін.

    Бұл басылым Сорос-Қазақстан Қорының қаржылай қолдауымен дайындалды (жарияланды, жарық көрді). Бұл жарияланымның мазмұны автор(лар)дың пікірі мен көзқарасын білдіреді, оның Сорос-Қазақстан Қорының көзқарасымен сай келуі міндетті емес.