8 қарашада Atameken Business Channel телеарнасының жаңалықтарында “Күніне 150, сағатына 6 отбасы ажырасып жатыр” деген факт келтірген болатын. Бұл “Өнеге” жобасы мамандарының деректері сүйене отырып айтылды. Factcheck.kz бұл деректі тексеріп көрді.
Үкім: Жартылай шындық
ҚР Статистика комитетінің ресми сайтында 2019 жылы қаңтар-қыркүйек айында 45 204 жұп ажырасқан. Осы санды 9 айға бөлгенімізде 5022,6 жұп, ал оны 30 күнге бөлгенімізде күніне 167,4 жұп ажырасатынын көреміз.
Контекст
2018 жылы қаңтар-қыркүйек айында күніне 153,2 жұп ажырасқан болса, жыл соңындағы мәлімет (қаңтар-желтоқсан) бойынша күніне 152,2 жұп ажырасқан екен.
Статистика комитетінің ресми мәліметінше 2019 жылы қаңтар-қыркүйек айында 103 964 жұп некелескен. Былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен (2018 қаңтар-қыркүйек) салыстырғанда 2067-ге көп.