Журналист Асқар Ақтілеудің үстінен қозғалған әкімшілік іс тоқтатылды.
Арызданған адам Асқар Ақтілеу “бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекомуникация желілерін пайдалана отырып жала жапты” деп мәлімдеп, сотқа берген. Алайда сот бұл істе әкімшілік құқықбұзушылық құрамы жоқ деп таныды.
Айта кетейік, журналистің үстінен арызды Ырғыз ауданындағы мектеп-гимназия директоры Гүлжайнар Нұрманова түсірген. Оған Асқар Ақтілеудің былтыр қазанда жеке парақшасына жазған жазбасы себеп болған. Оның айтуынша, журналист сол жазбасында оған жала жапқан.
Алайда журналист Гүлжайнар Нұрманованың бұл айыбына келіспеді. Асқар Ақтілеудің айтуынша, ол мектепте еден жуушы болып істейтін Мөлдір Ғапиздің оқиғасын баяндап жазған. Мөлдір Ғапиз оған өзінің жұмыстан заңсыз қуылғанын, қызметі кезінде еден жууға қажет заттарды өз қаражатына сатып алғанын айтып, көмек сұраған.
Журналист сот шешімі әділ болды десе, оны сотқа берген мектеп директоры қаулымен келіспейтінін айтты