Жазушылар OpenAI мен Meta-ға қарсы арыз жазды

Америкалық комедия актрисасы, жазушы Сара Сильверман басқа жазушылармен — Кристофер Голден және Ричард Кадреймен бірге OpenAI және Meta-ға қарсы сотқа арыз жазды. Бұл туралы SecurityLab сайты LLM Litigation-ге сілтеп хабарлады.

Арызға сәйкес, ChatGPT (OpenAI) және LLaMA (Meta) нейрон желілерінде қолданылған оқу деректері авторлардың шығармаларын торрент арқылы жүктеуге ұсынылған “көлеңкелі кітапхана сайттарынан” заңсыз алынған.

OpenAI-ге қарсы арызда авторлар ChatGPT-дің белгілі бір сұрауға олардың еңбегінің үзіндісін шығарып беретінін айтып, дәлел келтірді. Осылайша, олар авторлық құқығы бұзылғанын алға тартып отыр. Мысал ретінде Сильверманның Bedwetter-і, Голденнің Ararat-ы және Кадрейдің Sandman-ы келтірілген.

Ал Meta-ға қарсы арыз LLaMA ЖИ моделінің жиынтығында авторлардың шығармаларының бар болғанына байланысты. Арызданушылар деректердің заңсыз алынғанын айтады.

Екеуінде де жазушылар “өз шығармаларын ЖИ моделінің оқу материалында пайдалануға рұқсатын бермегенін” жазған. Арызда авторлық құқықты бұзудың бірнеше түрі, немқұрайды болу, әділетсіз баю және арамзалы бәсекелестік сияқты алты пункт көрсетілген. Оған қоса олар өтемақы төлеуді және пайданы қайтаруды талап етті.

Factcheck.kz