Жанболат Мамай шартты түрде 6 жылға сотталды

Алматыдағы Бостандық ауданының № 2 соты тіркелмеген демократиялық партияның жетекшісі, оппозиция саясаткері Жанболат Мамайды шартты түрде 6 жылға соттады. Бұл туралы оның жұбайы Инга Иманбай Facebook парақшасында хабарлады.

Сонымен қатар оған журналистикамен, қоғамдық іспен шұғылдануға, қоғамдық ұйымдардың қызметіне араласуға тыйым салынды.

Инга Иманабайдың айтуынша, Жанболат Мамай сот шешімімен келіспейді. Сол себепті ол аппеляция шағымын түсірмек және “халықаралық ұйымдардың көмегімен БҰҰ деңгейінде арыз жазбақ”.

Айта кетейік, Жанболат Мамайға Қаңтар қырғынында “жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды” деген айып тағылды.

Factcheck.kz