Жалған: ІІМ қызметкерлері үйлерді аралап, жеке деректерді жинайды

Әлеуметтік желілер мен мессенжерлерде полиция киімін киген адамдар жеке куәліктерді тексеріп, биометриялық деректерді жинау үшін пәтерлерді аралап, өздерін ІІМ қызметкерлері ретінде таныстыратыны туралы ақпарат тарап жатыр.

Жалған: ІІМ қызметкерлері үйлерді аралап, жеке деректерді жинайды
Мессенджерлерде тараған скриншот

Тараған хабарламада өздерін ішкі істер қызметкері деп таныстырып, пәтерлерді аралап жүргендер тобы бар екенін ескертеді. Олар Ішкі істер министрлігінің белгісі бар құжаттар мен бланкілерді алып жүреді және алдағы «санақ» алдында барлық тұрғындарда жарамды жеке куәліктерінің бар-жоғын тексереді; биометрикадан өту керектігін де айтады-мыс. Ішкі істер министрлігінің формасын киюі мүмкін делінген. Алайда ҚР Ішкі Істер Министрлігі бұл деректің жалған екенін биыл мамырда ескерткен.

Ақпараттық бюллетеньде көрсетілген алаяқтық фактілері республика аумағында тіркелген жоқ. Ішкі істер министрлігі азаматтарды жеке куәліктерін тексеру, фотосуретке түсіру және саусақ іздерін алу бойынша айналымдар жүргізбейді. Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.

ҚР ІІМ

Сондай-ақ, дәл осыған ұқсас деректер Қырғызстанда да тараған. Бұл туралы factcheck.kg жазды. Әріптестеріміздің деректеріне сәйкес мәтін алғаш рет Ресейдегі Шаховск қалалық округі әкімдігінің ресми сайтында жарияланған. Кейін осы мәтіндегі жалған ақпарат Ресейдегі Подольск и Урюпинск қалаларында да тарай бастаған.

Ресейдің де, Қырғызстанның да Ішкі Істер министрлігі ақпараттың жалған екенін хабарлады.

Журналист-фактчекер

Factcheck.kz