X желісінде жазбаны чатбот түсіндіретін функция қосылды

X әлеуметтік желісіне “Осы жазбаны түсіндірші” батырмасы қосылды. Оған Grok чатботы жауап береді. Бұл туралы VC.ru сайты хабарлады.

Функция платформа сайтында және қосымшаның кейінгі нұсқасында бар. Жаңарту туралы Grok әзірлеуші компаниясының иесі, Х және XAI басшысы Илон Маск хабарлады. Чатбот кәсіпкерге әлдебір посттағы басылымнан тарихи деректі түсіндіріп, жазбадағы суретте не бейнеленгенін сипаттаған.

Grok сонымен қатар посттағы пікірлердің не жайлы екенін де айтып береді. 

Контекст 

Жақында Google адамның орнына желідегі тапсырмаларды орындайтын Project Mariner атты ЖИ агентін ұсынған.

Журналист

Factcheck.kz