Видеода “Фукусима” АЭС-ның радиациясынан жағалауға қашқан дельфиндер бейнеленген бе?

TikTok-та бір видео тарады. Онда дельфиндер “Фукусима” атом электр станциясының радиациясынан қашып, жағалауға қарай бет алып бара жатқаны бейнеленген деседі (мұнда, мұнда, мұнда). AFP Fact Check роликті тексерді.

Видеода "Фукусима" АЭС-ның радиациясынан жағалауға қашқан дельфиндер бейнеленген бе?

«Шынында не болып жатыр? Көптеген дельфин жағаға қарай жүзіп келеді», – делінген TikTok-тағы видеоның сипаттамасында.

«Жапон теңізі ядролық қалдықтармен ластанған, теңіздегі барлық мекен уланған», – делінген индонезиялық хабарламада.

Фактчекерлер Яндекстің кері іздеу жүйесі арқылы былтырғы бір видеоны тапты. Infobae деген испан тіліндегі америкалық басылым 2022 жылғы ақпанда дельфиндердің Фукусимадан 16 шақырым жерде орналасқан, Аргентинаның оңтүстік шетіндегі Ушуайеде қаласында қалып қалғанын хабарлады.

AFP фактчекерлері кадрларды Google Street View-тағы видеомен салыстырып, шынымен сол жерде түсірілді деген қорытындыға келді. Жағалаудағы ашық жасыл шатыры бар коттедж және пирс видеода көрсетілгенге ұқсайды. Infobae мақаласында оқиғаның себебі әлі ашылмағанын айтылған.

Видеода "Фукусима" АЭС-ның радиациясынан жағалауға қашқан дельфиндер бейнеленген бе?

Аргентиналық Clarin газеті дельфиндердің балықшының қайығынан қашамын деп, бағытынан адасып, портқа қарай жүзген болуы мүмкін екенін жазды.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz