Тіс щеткасы арқылы DDoS-шабуыл жасалғаны рас па?

Көптеген медиа-ресурс “тіс щеткалары арқылы швейцариялық компанияға DDoS-шабуыл жасалып, миллиондаған еуро шығынға батырды” деген ақпарат таратты. Алайда бұл жалған мағлұмат болып шықты. Бұл туралы SecurityLab хабарлады.

Ақпаратты таратқандар швейцариялық Aargauer Zeitung газетінің мақаласына сілтеме берген. Онда аляқтар 3 миллион электр тіс щеткасына Java-ның зиян бағдарламасын қосқаны туралы жазылған. Оған қоса щетканың жалған сұрау бойынша бір сайтты ашқанын, кейін төрт сағатқа істемей қалғаны жазылған.

Алайда кейін бұл ақпардың жалған екені анықталды. Мақалада айтылған Fortinet деген ақпарат қауіпсіздігімен айналысатын компания деректі растамады.

Оған қоса сарапшылар алаяқтардың мұндай шабуылдар үшін электр тіс щеткаларын қолдануы екіталай деп санайды. Себебі щеткалар интернетке тікелей қосылмайды, тек Bluetooth арқылы мобайл қолданбаларға қосылады. Ал жаппай шабуыл жасау үшін зиян бағдарламаны тікелей әр құрылғыға енгізуі қажет. Дегенмен мұндай істің болғанын дәлелдейтін дерек жоқ.

Алайда бұл мағлұмат көптеген медиа бетінде тараған соң, Fortinet мамандары BleepingComputer басылымына тіс щеткалары арқылы DDoS-шабуыл жасау гипотеза екенін, шынайы жағдай емес екенін мәлімдеді.

Компания DDoS шабуылдары үшін тіс щеткаларын пайдалану Aargauer Zeitung газетіне берген сұхбатында шабуылдың белгілі бір түрінің иллюстрациясы ретінде ұсынылғанын және Fortinet немесе FortiGuard Labs зерттеулеріне негізделмегенін түсіндірді. Алайда ақпарат қате аударылып, бұрмаланып кеткен.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz