2024 жылғы желтоқсанда әлеуметтік желіде белгісіз гимнастың артқа иілген сәтінің рентгенде түсірілген фотосы тарады. Snopes суреттің рас-өтірігін тексерді.
Қолданушылар суретке қатысты әртүрлі пікір жазып жатыр. Бірі “бұл адамның бас сүйегі бар жыланның денесі сияқты” десе, енді бірі “қарапайым адамдар бұндай позицияны жасағанда жарақат алып, тіпті сал боп қалуы мүмкін ғой” деп жазыпты.
Google-дің кескін іздеу нәтижелеріне сәйкес, сурет Threads, Imgur, Reddit, 9GAG, X және Facebook-те кең тараған. Ал TinEye нәтижесі бойынша фото кем дегенде 2016 жылғы наурызда жарияланған.
Snopes суреттің өзі шын екенін, бірақ онда гимнаст емес, ерекше поза жасайтын акробат бейнеленгенін анықтады. Сол себепті “суретте гимнаст бейнеленген” деген мәлімдеме қате.
Кейбір әлеуметтік желі қолданушылары фото итальяндық акробат Ирен Беттиге тиесілі дейді. Snopes мұны растау үшін Беттидің өзіне хабарласқан.
“Сәлем, иә, бұл менмін. Фото – француз физиотерапевті, дәрігер Мишель Ритцтің кәсіби жұмысы, ол акробаттардың физиологиясын зерттеуді тереңдеткен”, – деп жауап берген Ирен Бетти басылымға.
Сурет алғаш рет Нидерландыдағы Contortion Amsterdam стретчиң студиясының уеб-сайтында жарияланған. Сайттың иесі Макс Зегерс “суретті 2009 жылы франциялық дәрігер түсірген, ал фотодағы қыз – Италиядан келген Ирен Бетти” деп мәлімдеген.
Дегенмен, суреттің сайттағы түпнұсқасы қызыл түсті. Оның астына “Менің студенттерімнің бірі МРТ сканерінде. Мойынға назар аударыңыз” деп жазылған.
Зегерс түс айырмашылығына қатысты “Бұл фотоның бірнеше нұсқасы бар. Екеуі де бірдей немесе біреу суретті жүктеп алып, оны көк түске бояған болуы мүмкін. Білмеймін, бұл 15 жылдан астам уақыт бұрын болған” деп жауап берген.
Ал кейбір қолданушылар желідегі рентген кескініне ұқсас Беттидің шынайы фотосын бөлісіп жатыр:
Басты беттегі сурет Reddit желісінен алынған.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.