Стратегия және бюджет жоспарын ЖИ арқылы жақсартуға болады – Әлихан Смайылов

Қазақстанда стратегия және бюджет жоспарын жасанды интеллект (ЖИ) арқылы жақсартуға болады деп мәлімдеді Жоғарғы есеп палатасының төрағасы Әлихан Смайылов. Бұл туралы Курсив хабарлады.

«Жасанды интеллект арқылы бюджет және стратегия жоспарының болжамдық мүмкіндіктерін жақсарту үшін шұғыл әрекет ету қажет. Бұл жерде Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің үйлестіруші рөлін күшейтуі маңызды», – деді Смайылов Мәжіліске 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы үкімет есебіне қорытындыны таныстыра отырып.

Жоғарғы Сот төрағасының айтуынша, экономиканың нақты секторында негізгі жүйе құраушы инфрақұрылымдық бастамалар ұлттық компаниялар арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар бизнесті қолдауға үлкен ресурстар жұмсалады. Осыған орай, Әлихан Смайылов аталған мәселелерде ашықтықты қамтамасыз ету және экономиканы мұндай қолдаудың тиімділігіне бейтарап талдау жасау қажет деп санайды.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz