Сот журналист Жәмила Маричеваға қатысты шешімін өзгертпеді

6 маусымда Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы ProTenge жобасының авторы, журналист Жәмила Маричеваның апелляция шағымын қарауды аяқтап, бірінші сатыдағы сот шешімін өзгертпеді. Бұған дейін сот Маричеваны «жалған ақпарат жариялағаны және таратқаны үшін» кінәлі деп таныған. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Өтініш 4 маусымда қарала бастады. Алдыңғы отырыста журналистің адвокаты Әсел Тоқаева бірінші сатыдағы сот шешімін неліктен негізсіз деп санайтынын түсіндірді. Ол Астана қаласы Нұра ауданының полициясы «әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болмағандықтан хатты заңсыз дайындағанын» айтты. Маричеваны ұстап, полиция бөліміне апарып, хаттама толтырған полиция қызметкерлерінің әрекетін де ол заңсыз деп атады.

Естеріңізге сала кетейік, 24 сәуірде Алматыда Жәмила Маричева кешке жүгіріп жүргенінде ұсталды. Ол Бостандық аудандық ішкі істер бөлімінде бір сағаттай болған. Журналистің айтуынша, полиция бөлімшесіне ертесі бармақ болған. Бірақ тәртіп сақшылары “полиция қызметкерлеріне бағынбай” жатқанын айтып, мүмкіндік бермеген.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz