Солтүстік Корея үкіметі Бас барлау басқармасында (RGB) жаңа хакерлік топ құрып жатыр. Бұл туралы TechCrunch Daily NK басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Daily NK материалына сүйенсек, жаңа бөлімше «227-зерттеу орталығы» деп аталады және ол «шабуылдайтын хакерлік технологиялар мен бағдарламаларды» әзірлеуге бағытталған. Бұл бөлімше батыстың киберқауіпсіздік жүйелері мен компьютерлік желілерін зерттеп, Солтүстік Кореяның цифрлық активтерді ұрлауын арттыруға жұмыс істейді. Сонымен бірге жасанды интеллектке негізделген ақпарат ұрлау әдістерін дамытып, шетелдегі хакерлік топтардың дерегіне жауап береді.
TechCrunch жазуынша, кейінгі жылдары Солтүстік Кореядағы хакерлер криптовалюта биржалары мен халықаралық компанияларға жиі шабуыл жасап келеді. Мысалы жақында Bybit криптобиржасынан 1,4 миллиард доллар көлемінде қаржы ұрланған. Бұған дейін АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігі (NSA) мен Федералды тергеу бюросы RGB бөлімшесін тыңшылық және кибершабуылдар жасағаны үшін айыптаған.
Басты беттегі сурет Daily NK басылымынан алынды.