Салтанат Нүкенованы қаралаған журналист жазаланды

20 мамырда Бостандық соты Салтанат Нүкенованың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін ақпарат таратқан журналист Антон Бударовқа қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

14 мамырда Антон Бударов Instagram парақшасында Салтанат Нүкенованы қаралап жазба жазған.

“Мен Бишімбаевтың әйелі Салтанатты жәбірленуші деп санамаймын. Ол нағыз абьюзер, күйеуімен ішімдікке салынып, төбелес шығарған. Барып тұрған алаяқ, астрология курсын сатқан. Қарапайым есірткіқұмар отбасы, ол әйел нағыз оңбаған”, – деп жазған журналист.

Кейін ол бұл жазбасы үшін сотқа тартылды. Сот блогерге өзі таратқан ақпаратты жоққа шығаруға, марқұмның ағасы Айтбек Амангелдіге 650 мың теңге айыппұл төлеуге міндетті.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 9 қарашада бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып-соғып өлтірді. Бишімбаев қылмысы үшін 24 жылға сотталды.

Factcheck.kz