Ригада BBC-дің Орыс қызметінің мерекелік кешінде белгісіз біреу жаттығуға арналған граната лақтырды. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады.
Басылымның мәліметі бойынша, 23 желтоқсанда Ригадағы бардың бірінде BBC журналистерінен басқа ешкім қалмаған кезде белгісіз біреу ішке кіріп, еденге РГД-5 деген гранатының жаттығуда қолданатын түрін лақтырып, жарып жіберген. Шабуылдаған адам жасырынып үлгерген.
Журналистер оларға кәсібіне байланысты шабуыл жасалды деп есептейді.
Полиция оқиға орнына барған, бірақ әлі нақты түсініктеме бермеді.