Ресейдің Свердлов облысы Ревдинск қаласының соты Қазақстан азаматы Андрей Хохловты 13 күнге қамады. Бұл туралы “Медиазона” басылымы хабарлады.
Қаулыдағы ақпарат бойынша, 4 маусымда Хохлов балағат сөздер айтқаны үшін көшеде ұсталды. Оған қоса ол Цветников көшесіндегі Ревдинский полиция бөлімінде қауіпсіздік күштерінің көзінше “қолын бұлғап”, “Слава Украине” деген.
Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 20.1 бабының 1-бөлігі және 20.3 бабының 1-бөлігі бойынша, полиция ер адамға балағат сөз айтқаны үшін 500 рубль айыппұл салды және “Слава Украине” деген сөзін “экстремистік белгі” деп танып, 13 күнге қамады.
Айыпталушы мас болған соң, “Слава Украине!” деп айтқанын мәлімдеді.