2023 жылы тамызда желіде “Вагнер” әскери компаниясының негізін қалаған Евгений Пригожин бейнеленген діни икона пайда болды. Бұл туралы туралы бірқатар Telegram арнасы мен медиа жазды (1, 2, 3). Оны Avito сайты сатып жатыр деседі. Сипаттамасында “Азапталушы әулие Пригожин” деп жазылған. “Проверено” фактчекерлері ақпаратты тексеріп көрді.

Басылымның хабарлауынша, ресми шіркеулер әулие деп танымаған адамдардың бейнесімен икона жасау — қалыпты нәрсе. Мысалы, Сталиннің суреті бейнеленген көптеген икона болған. Тіпті, оның бірі Санкт-Петербургтің шетінде орналасқан шіркеуде бірнеше күн ілініп тұрған. Кейін оның ілінгеніне қатысты жанжал шығып, түбінде сурет алынып тасталды. Ал оны ілуге рұқсат берген шіркеу қызметкері қызметінен кетті.
Оған қоса 1991 жылы қайтыс болған әнші Игорь Талковтың иконалары да православ монархистері арасында танымал. Оның бейнесін діни тақтайшаға көбіне ІІ Николайдыкімен бірге салып жатады.
Көпшілік арасында тараған Avito сайты скриншот қиылғандықтан, ондағы иконаның жариялаған күні де, бағасы да белгісіз. Фактчекерлер Avito сайтынан иконаны өз бетімен іздеп көрді, дегенмен оны таппады. Тек майлы бояумен салынған Пригожиннің портреті 57 000 рубльге сатылып тұрғанын байқады.
Пригожин қайтыс болғаннан кейін екі күн өткен соң, яғни 25 тамызда бір икона пайда болды. Бірақ ол фоторедактор арқылы өңделген болып шықты.
Пригожин бейнеленген тағы бір икона “Ең нашар суретшілер қауымдастығы” деген сатира жаңалықтар тарататын парақшаға жарияланды. Олар адамдар шатасып қалмас үшін Пригожиннің кейпі бар иконаның сипаттамасына: “Ең нашар коллаж” деп те жазған.
Осылайша, фактчекерлер “желіде тараған Пригожиннің бейнесі бар иконалар — фейк” деген қорытындыға келді.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.