2023 жылғы сәуірде бірқатар ресейлік Telegram арнада (1, 2, 3) Қазақстан депутаттарының Петропавл атауын Қызылжар деп өзгертуге қатысты ұсынысы қызу талқыланды. Бір қызығы, онда “Қызылжар деген тарихи атау ойдан шығарылған, 1752 жылы І Петр бос жатқан жерде Петропавлдың негізін қалады” деп жазған. “Проверено” фактчекерлері ақпаратты тексеріп көрді.
Ең әуелі Telagram арнада тараған ақпараттың манипуляция екенін айтқан жөн. Петропавл атауын өзгерту мәселесі бұрыннан талқыланып жатыр. Дегенмен 5 сәуірде, мәжіліс отырысы күні өзін тәуелсіз деп жариялаған Петропавлдағы “Халық жұмысшылар кеңесінің” мүшелеріне қатысты жанжалдан кейін журналистер депутаттардан қала атауын ауыстыруға қатысты пікірін сұрады (1, 2). Сол кезде депутат Ермұрат Бапи басқа депутаттар сияқты Петропавл атауын өзгерту үшін қала тұрғындары өздері бастап, петиция жазуы керек екенін айтты. Қазір желіде осы мәселеге байланысты екі петиция бар. Олар egov.press (мемлекетке еш қатысы жоқ) және alash.online сайтына жарияланған.
Материалды жазып жатқанда (2022 жылғы 7 ақпанда жарияланған) alash.online сайтынадағы петицияға 55 000 астам адам қол қойған. Оның 39 000-ы қала атауын өзгертуді құптаса, 19 000-ы қарсы шыққан.
Ал egov.press сайтының архивтегі нұсқасы бойынша, онда петиция 2022 жылғы 9 сәуірде жүктелген. Кейінгі архив уақытына (2022 жылғы 21 мамыр) сәйкес, петицияға 53 000-ға жуық адам қол қойған. Оның 38 000-ы бастаманы қолдаса, 15 000 адам оған қарсы болған.
Петропавл билігі күн тәртібінде қала атауын ауыстыру жоспары жоқ екенін мәлімдеді.
Ал “Петропавлды І Петр құрды” деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі ол 1725 жылы қайтыс болған. 1807 жылға дейін Петропавл қала болып саналмады. Ол 1752 жылғы әскери экспедиция кезінде, Елизавета Петровна басқарғанда бекініс ретінде салынды.
Бекініс құрылғанға дейін бұл аймақты Қызылжар деп атағаны рас. Мысалы, 1663 жылы туған қазақ жауынгері әрі ақыны Қожаберген жыраудың әндерінің бірінде Қызылжар туралы айтылған. Ал оның шығармашылығының шыңы XVIII ғасырдың бірінші жартысында болғанын ескерсек, “Қызылжар атауы Петропавл қалаға айналғанға дейін пайда болды” деу орынды.
Петропавл атауын ауыстыруды алғаш рет 1925 жылы автономиялық Қазақ КСР орталық атқару комитеті (1925-1936) ұсынды. Олар аймақтың атауы тым діни екенін алға тартқан.

Бастама Бүкілодақтық орталық атқару комитетіне жетті, бірақ соңында қабылданбады және Петропавл революцияға дейінгі атауын сақтап қалды.
Осылайша, “Проверено” фактчекерлері Қазақстанда Петропавлдың атауын ауыстыру үшін Қызылжар деген “тарихи атауды ойдан шығарып жатқаны” туралы мәлімдеме шындыққа жанаспайды деген қорытындыға келді.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.