Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель “Соғыс режимін енгізіп, бүлік ұйымдастырды” деген айыппен ұсталғаннан кейін, оның түрмеде арнайы формамен түскен суреті тарады. AFP Fact Check суреттің рас-өтірігін тексерді.
«0010 нөмірлі тұтқын, көтеріліс басшысы. Қызыл белгі өлім жазасына кесілгендер камерасындағы тұтқынды білдіреді, шамасы, олар оны өлім жазасына кескелі жатыр», – делінген корей тіліндегі жазбада. 2025 жылғы 20 қаңтарда Facebook-ке жарияланған суретте Юн Сок Ель түрме киімінде тұр.

Бұл сурет Facebook-те сондай-ақ президентті сынаған қолданушылардың парақшаларында да жарияланған.
Сурет Юнның тергеу изоляторында бірінші күні медициналық тексерістен өтіп, суретке түскеннен бірнеше күн өткен соң тарала бастады. Жергілікті жаңалықтарға сәйкес, Юнға 0010 нөмірі берілген.
Юн 21 қаңтарда импичмент тыңдауына алғаш рет қатысып, одан жауап алынды. Бұған дейін парламент импичмент процесін бастауға дауыс берген. Енді сот президентті қызметінен шеттету немесе шеттетпеу туралы шешім қабылдайды.
Оңтүстік Корея белгілі бір жағдайда күдіктілердің суретін жариялауы мүмкін. Бірақ полиция өкілі AFP-ге 2025 жылғы 22 қаңтарда қамауға алынған президенттің суреті әлі жарияланбағанын хабарлады.
Google-де кілт сөздер арқылы іздеу нәтижесінде IMDb фильмдер базасынан 2016 жылғы «Кінәсіздік дәлелі» қылмыстық фильмінің жарнамалық кадры ретінде пайдаланылған осы сурет табылды.
Суреттің түпнұсқасында 342 нөмірлі тұтқынды сомдаған актер Ли Мун Сик бейнеленген, онда 0010 нөмірі жоқ.
Бұл кадр 2016 жылғы маусымда фильмді насихаттау мақсатында жергілікті репортаждарда көрсетілген екен.
PimEyes платформасы суреттегі Юнның шын мәнінде 2024 жылғы 31 желтоқсанда The Korea Herald газетінде жарияланғанын көрсетті.
AFP екі суретті салыстырды:

Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.