Нигериядағы Франция елшілігі өртенді ме?

Желіде өртенген ғимараттың видеосы тарады. Көпшілік онда Нигериядағы әскери төңкерістен кейін өртенген Франция елшілігінің ғимараты бейнеленген деседі. Reuters фактчекерлері ақпаратты тексеріп көрді.

Нигериядағы Франция елшілігі өртенді ме?

30 шілдеде Нигерияның Ниамей қаласындағы Франция елшілігіне бір топ адам шабуыл жасады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарланған. Дегенмен ол кезде шабуылдағандардың елшілік аумағына басып кірмек болғаны және қақпаны өртегені ғана айтылған.

Көпшілік арасында тараған видеода адамдар жанып жатқан ғимараттардың арасында жүр (мұнда, мұнда). Бірақ бұл бейнедегі ғимарат Франция елшілігіне ұқсамайды. Шын мәнінде, онда демократия мен социализм үшін күресетін Нигерия партиясының штаб-пәтері бейнеленген. 27 шілдеде бұл ғимаратқа шабуыл жасалған.

Роликтың 0:33 секундынан арыстан суреті және Bienvenue деген жазуы бар маңдайшаны көруге болады. Getty Images архивіндегі суреттерге қарасақ, бұл белгілер партияның штаб-пәтерінде де бар.

Шабуылдан кейінгі штаб-пәтердің суреттерін Еуропалық баспасөз фото агенттігінің уеб-сайтынан да көруге болады (мұнда, мұнда). Ондағы элементтер көпшілік арасында тараған видеодағымен сәйкес келеді.

Осылайша, тараған видеода Нигериядағы Франция елшілігі бейнеленбеген.

Factcheck.kz