BBC-дің Орыс қызметі 81 солдаттың аты-жөнін анықтаған. “Важные истории” есебі бойынша, Курск облысында кемінде 84 солдат із-түзсіз жоғалған.
Жоғалғандардың басым бөлігі Брянск облысында шоғырланған 488-мотоатқыштар полкінің 17 және 18-батальонында әскери борыштарын өтеген. Тізімде Воронеж облысындағы 252-мотоатқыштар полкінің жауынгерлері де бар.
BBC-дің Орыс қызметі Курск облысында украин әскерінің тұтқынына түскен кемінде 38 ресейлік солдат туралы жазды.
“Важные истории” сайтының мәліметінше, 45 адам тұтқынға түскен. Дағыстан тұрғыны журналистерге оның ұлы Суджада екенін айтқан. Шабуылға дейін бір күн бұрын ол емделуге кеткен.
“Үйде қолына телефоннан басқа ештеңе ұстап көрмеген, жаттығуда сынық автоматтан басқа ештеңені алмаған балаларымыз жаумен бетпе-бет қалды”, – деді ол.
Журналистер аты-жөнін анықтаған солдаттардың жасы 18-24-те. Олар Башқұрстан, Коми, Түмен, Ямало-Ненецк автоном өлкесі, Балқария, Дағыстан, Мәскеу, Петербург, Татарстан және аннексияланған Қырымнан келген.