Кейінгі екі жылда адам саудасына қатысты 400-ден астам қылмыс анықталды

Ішкі істер министрлігі кейінгі екі жылда адам саудасына қатысты 400-ден астам қылмысты анықтады. Ал ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру бойынша 120-дан аса іс қозғалды, соның ішінде 13-і трансұлттық топтарға қатысты. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.

Қылмыстық кодекстің әртүрлі бабына сәйкес 600-ден астам қылмыскер жауапкершілікке тартылған. Халықаралық іздестіруде болған ұйымдасқан қылмыстық топтардың 27 мүшесі, яғни «қылмыс әлемінің беделділері» ұсталды. ІІМ шет елдердегі алты «заңдағы ұрыны» Қазақстан аумағына келтірмеді.

Бұдан бөлек, ІІМ ҰҚК-мен бірлесіп, бопсалау және басқа да ауыр қылмыстарды жасаған 160 қылмыстық топтың заңсыз әрекетін тоқтатты. Бопсалау фактілері бойынша барлығы 1300-ден астам қылмыстық іс қозғалды.

Журналист

Factcheck.kz