Қырғызстанда зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық іс екі тарап татуласса да, тоқтамайды. Бұл туралы Kloopnews хабарлады.
Қырғызстан билігі жаңа заң жобасын әзірледі. Ол бойынша, енді сотқа дейін қаралып жатқан ауыр қылмыстарға қатысты істер екі тарап татуласса да, жабылмайды. Оған қоса зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстар үшін пробация қадағалауы тағайындалмайды және істің ескіру мерзімі жойылды. Сонымен қатар күдікті кепілмен бостандыққа шыға алмайды.
Қырғыз үкіметі бұл заң жобасы азаматтарға жыныстық еркіндікке, өміріне, денсаулығына қол сұқпау құқығын береді.