Желіде “аттың басын бейнелеп сапқа тұрған бірінші дүниежүзілік соғыстың солдаттарының” суреті тарады. Олар соғыста өлген жылқыларға осылай құрмет білдірген екен-міс. Сурет көп жыл бойы түрлі жерде жарияланған. Snopes басылымы фотоның дереккөзін анықтап, рас-өтірігін тексеріп көрді.
Суретті таратқан қолданушылардың пікірі әртүрлі. Кейбірі фото 1916 жылы түсірілген десе, енді басқалары 1918 жылы түсірілген дейді.
Ал Daily Express басылымында 2015 жылғы мақаланың тақырыбы “Ешқашан ұмытпаймыз: бірінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан 8 миллион батыр жылқыға керемет тағзым” деп қойылыпты.
Суреттің өзі шын болғанымен, оның соғыс кезінде өлген аттарды еске алу үшін түсірілгені жөнінде ешқандай дәлел жоқ. Шынтуайтында бұл соғыста атты әскер командиріне тиесілі болған бір-ғана аттың бейнесі.
Конгресс кітапханасының деректеріне сәйкес, фотограф Элмерон Ньюман 1919 жылы Нью-Мексикодағы Коди лагерінде осы суретті түсірген. Кітапхана фотоны “аттың басын бейнелеген сарбаздардың сапқа тұруы” деп сипаттайды.
Фотоның жазбасында “№326 қосалқы жөндеу қоймасының 650 офицері мен қатардағы жауынгерлері майор Фрэнк Дж. Брюердің “The Devil” есімді атының басын бейнеледі” делінген. Бірақ онда жылқыға тағзым еткен ер адамдар туралы айтылмайды.
“Бұл сурет бірнеше рет жалған ақпаратпен таралды. Мен майор Брюер туралы қосымша ақпарат табуға тырыстым, бірақ одан еш нәтиже шықпады. Бір қызығы, АҚШ-тың Ұлттық мұрағатында фотоның көшірмесі бар, онда Брюер полковник Фрэнк Си Брюер деп жазылған. Мұрағатта аттың бейнесі де бар. Ньюман бейнелеген жануар шынымен де майор мінген “The Devil” болуы мүмкін”, – дейді әскери тарихшы Люси Беттеридж-Дайсон 2019 жылғы жазбасында.
Ньюман бұған дейін де Коди лагеріндегі 34-дивизия офицерлерін бейнелейтін панорамалық сурет түсірген екен.
Осыған ұқсас тағы бір сурет Нью-Мексикодағы губернаторлар сарайында бар. Онда 16 000 адамның 34-анимациялық елтаңбаны бейнеленгені көрсетілген.
Бұдан басқа Archives West Orbis каталогында Ньюманның әскери фотография әлеміндегі тәжірибесіне көз жеткізуге болады.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.