Ұшақтан шықққан түтін ізі химтрэйлдердің бар екенін білдіре ме?

Интернетте қанатына түтін немесе бу шығаратын құрылғылар орнатылған ұшақтың суреті тарады. Кейбір әлеуметтік желі қолданушысы мұны “химтрэйлдердің бар екенінің дәлелі” (ұшақпен шашылған улы заттар мен инфекциялардың іздері – қастандық теориясы) деп топшылады. Reuters агенттігі фотоны және оған қатысты ақпаратты тексеріп көрді.

Мұнда әңгіме екі сурет туралы айтылып жатыр: біреуі – ұшақтың жалпы суреті, енді біреуінде үшаққа орнатылған құрылғыны үлкейтіп түсірген.

“Келесі жолы сізге: “Бұл жай ғана газ қолғалтқышының қалдырған инверсия ізі, сіз – қастандық теориясын таратып жүрген адамсыз” десе, кішкене болсын санасы бар адамдар болса, осы суретті көрсетіңіз”, – делінген жазбада.

Ұшақтан шықққан түтін ізі химтрэйлдердің бар екенін білдіре ме?

Фактчекерлер суреттің түпнұқасын 1974 жылы NASA -ның ұшуды зерттейтін Армстроң орталығы түсіргенін анықтады. Онда Boeing 747 реактив лайнері бейнеленген. Бұл лайнерді ауа құйынын зерттеу үшін қолданған. Суретті ұшуды зерттейтін Драйден орталығының және AFRC сайтының фотоколлекциясынан табуға болады.

Сынақ кезінде құйын ауа ағынын визуализациялау үшін ұшақ қанаттарының астына түтін генераторлары орнатылған. Зерттеу мақсаты – Boeing 747 қанатындағы құйындардың пайда болуын зерттеу. Бұл туралы Reuters-ке NASA өкілі электрон пошта арқылы хабарлады.

AFRC-дің сипаттамасы бойынша, зерттеуде ұшақтан шығатын құйындарды әлсірету үшін түрлі конфигурациядағы интерцептор (қанаттың ұшу салмағын азайтатын конструкция) сыналған.

«Құйындар – ұшақ ұшқаннан кейін, артынан шығатын жел ізі. Ол басқа ұшып жүрген аппараттарға, әсіресе кішкентай ұшақтарға қауіп төндіретін күшке ие. Сынақ кезінде (1970 жыддардың басынла жүргізілді) аспанда үлкен ұшақ санының артуы жалпы әуе ұшқыштарына қауіп тудырды», – деді NASA өкілі.

Зерттеуде қосып-өшіруге болатын 12 түтін генераторы қолданылған. NASA өкілдерінің айтуынша, сынақ жердегі адамдарға зиянын тигізбеді. Олар түтін шығару үшін жанатын жанармайға аз мөлшерде май қосқан.

Осылайша, желіде тараған сурет химтрэйлдердің бар екенін дәлелдемейді.

Factcheck.kz