Ірі компаниялар X платформасын қолданудан бас тартып жатыр ма?

Facebook әлеуметтік желісінде “X платформасында (бұрынғы Twitter) материалдарын жариялауды тоқтатқан ұйымдардың тізімі шықты” деген жазба жарияланды. Онда Disney, Marvel, IBM, Comcast, Warner Bros., Lionsgate, Paramount, Sony Pictures, CBS және The Colbert Show компаниялары аталды.

Ірі компаниялар X платформасын қолданудан бас тартып жатыр ма?
Facebook-тегі парақшаның скриншоты

Алайда барлығы дерлік X желісінде пост жариялаған, оны қолдануды тоқтатуға қатысты ешқандай мәлімдеме жасамаған. 

Full Fact бұл ақпаратты жалған деп мәлімдеп, Disney, Marvel, Comcast, Warner Bros., Lionsgate, Paramount және Sony Pictures кейінгі посттарын өткен аптада шығарғанын жазды. Ал IBM, CBS және The Colbert Show-дың соңғы посттары 2023 жылғы қарашада жарияланған. Дегенмен CBS News  парақшасы платформада үнемі белсенді. 

Контекст 

Илон Масктың саяси іс-қимыл комитеті (PAC) Трамптың АҚШ-тағы президенттік  сайлауда жеңуіне көмектесу үшін шамамен 200 миллион доллар қаражат жұмсаған. Дональд Трамп жеңгеннен кейін The Guardian және бірқатар танымал адам бұдан былай X-те пост жазбайтынын мәлімдеген.  

Басты беттегі сурет ABS-CBN сайтынан алынды.

Журналист

Factcheck.kz