Ұлыбританияда жалған істерді дәйек еткен заңгерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Лондонда құқық саласына қатысты маңызды шешім қабылданды, енді ойдан шығарылған, жалған сот істеріне сілтеме жасаған заңгерлер мен адвокаттар сотқа құрметсіздік танытқаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін. Ал кей жағдайда, бұл әрекет қылмыстық іс ретінде қарастырылуы ықтимал. SecurityLab мәліметінше, бұл шешімді Лондон соты екі істі қарау барысында шығарған. Соған сәйкес, адвокаттар сот құжаттарын әзірлеу кезінде жасанды интеллект қызметтерін қолданған.

Тексере келе, екі жағдайдың да жазбаша дәлелдерінде шын мәнінде жоқ, ойдан шығарылған сот істерін дәйек еткені анықталған. Сот төрайымы Виктория Шарп мұндай әрекеттер бүкіл сот жүйесіне қауіп төндіріп, қоғамның әділ сотқа деген сенімін әлсірететінін айтты. Ол жаңа технологиялардың енгізілуі заңгерлерді кәсіби жауапкершіліктен босатпайтынын ерекше атап өтті.

Шешімде заңгерлер қауымдастығының рөліне де баса назар аударылған. Судьяның пікірінше, басшылық лауазымдағы заңгерлер өз тәжірибесінде нейрожелілерді қолдануды тиімді бақылауға міндетті, әрі этикалық стандарттар күнделікті жұмыстың ажырамас бөлігіне айналуға тиіс.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz