Ұлыбритания Ресейді кибершабуыл жасады деп айыптады

Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігі 2015 жылдан бері жалғасып келе жатқан ФСБ-ның кибершабуылдарына байланысты Ресей елшісін шақырды. Осы іске қатысты деп танылған екі ресейлікке санкция салынды. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады.

Лондонның хабарлауынша, Ресей Федерациясының Федералды қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Корольдіктің ішкі саясатына араласу мақсатында, британдық саясаткерлерге, журналистерге және үкіметтік емес ұйымдарға қарсы кибершабуылдар жалғасқан.

Ұлыбритания СІМ басшысының орынбасары Лео Докерти парламентте сөйлеген сөзінде былай деді:

Біздің демократиялық процестерге араласуға бағытталған шаралардың артында Ресейдің барлау қызметі тұрғанын растай аламын.

Лео Докерти

Лондонның хабарлауынша, Британдық парламенттегі барлық партияға қарсы кибершабуыл кем дегенде 2015 жылдан бері жалғасып келеді.

DW дерегінше, шабуылдарға ФСБ Ақпараттық қауіпсіздік орталығы (ФСБ-ның 18-орталығы) жауапты. Кибершабуылды Callisto Group деген атпен белгілі Star Blizzard хакерлер тобы жасаған.

Сонымен қатар, ресми мәлімдемеде ФСБ офицері Руслан Перетятько мен Star Blizzard мүшесі Андрей Коринецтің фишиңдік шабуылдар жасады деген күдікпен қара тізімге енгізілгені көрсетілген.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz