ІІІ Карл королі жеке мүлкін жалға беру арқылы жылына 34 миллион доллар таба ма?

Наурыздың басында Reddit-тің 35 миллион мүшесі бар “Бүгін білдім” айдарына бір ақпарат шықты. Онда “Карл Чарльз королі жыл сайын мүлкін жалға беріп, 34 миллион доллар табады” делінген. Snopes фактчекерлері деректі тексерді.

Фактчекерлер король жеке мүлкінің арқасында бір жыл ішінде (2023 жылғы 31 наурызда аяқталды) 26,2 миллион фунт немесе шамамен 34,3 миллион доллар пайда тапқанын анықтады.

Бұл соманы жылдық есептен білуге болады. Құжатты 1399 жылдан бері билеуші ​​монархтың жеке меншігі болып табылатын Ланкастер герцогтігі жариялады. Корольдің жеке мүлкіне Англия мен Уэльстегі 44 700 акрдан астам ауылдық жерлер, Лондондағы коммерциялық жылжымайтын мүлік, қаржылық инвестициялар портфелі және бірнеше қалалық тұрғын үйлер кіреді. Осыған ұқсас 2023-2024 жылғы есеп материалды жазып жатқанда жарияланбады.

Кіріс төрт саладан – коммерциялық мүліктерден, ауылшаруашылық объектілерінен, тұрғын үйлерден және қаржылық инвестициялардан түсіп отырған.

Мүліктің басым бөлігін құрайтын герцогтіктің коммерциялық активтері Лондондағы Савой үйі және Йоркширдегі Харрогейт жылжымайтын мүлік сияқты «бағалы орындарда» орналасқан.

Жалға берілетін жерлер, шөлейт және орман алқаптары кіретін ауылшаруашылық шаруашылықтары табысы бойынша екінші орында. Тұрғын жылжымайтын мүлікке келсек, герцогтікте 315 жылжымайтын мүлік бар – оның 82-сі шаруа қожалығы ретінде жалға берілген. Герцогтіктің қаржылық инвестициялары акциялармен, облигациялармен және т.б. операцияларды қамтиды.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz