Израильдағы салтанатты шеру бейнеленген фото шынайы ма?

2023 жылғы қазанда әлеуметтік желіде көшеде, балконда көп адамның Израиль туын ұстап тұрғаны және әскерилердің жүріп бара жатқаны бейнеленген сурет тарады. Snopes фактчекерлері суреттің қаншалық шынайы екенін тексеріп көрді.

«Мұндай халықты жеңу мүмкін емес», – делінген X парақшасындағы жазбада.

Израильдағы салтанатты шеру бейнеленген фото шынайы ма?

Google кері іздеу жүйесі арқылы бұл суреттің бірқатар жерде жарияланғанын байқауға болады (1, 2). Израильді жақтаған кейбір адам суреттің шынайы екеніне сенсе, енді біреулері күмәнмен қарайды. Ал енді бір адамдар фотоны Израиль билігі әдейі таратты деген пікірде.

Шын мәнінде, сурет жасанды интеллект арқылы жасалған. Бірақ оны Израиль билігінің өкілдері әдейі таратып-таратпағанын растайтын дәлел табылмады.

Суретті ең алғаш болып Omri Shafi деген қолданушы 2023 жылғы 11 қазанда жариялады. Ол сипаттамасына былай деп жазды:

Бұл көбіне психологиялық соғыс. Жеңген сәтімізді елестетіп көрейікші, сонда кейін дәл солай болады! Сурет жасанды интеллект арқылы жасалды.

Кейін бұл фотоны @livefromisrael деген Instagram-парақшасы жариялаған. Сол себепті көп желі қолданушысы оны шын сурет және Израиль билігі таратты деп ойлап қалған. Шын мәнінде, @livefromisrael ресми парақша емес және ол туризмге арналған.

Оған қоса суретің жасанды интеллект арқылы жасалғанын бірнеше жерінен байқауға болады. Мысалы, онда бейнеленген кейбір адам ауада қалқып тұр.

Израильдағы салтанатты шеру бейнеленген фото шынайы ма?

Factcheck.kz