Италияның деректерді қорғау басқармасы OpenAI (ChatGPT ЖИ қызметін өндіруші) компаниясына жеке деректерді өңдеу кезінде Еуроодақ ережелерін бұзғаны үшін 15 миллион еуро айыппұл салды. Бұл туралы The Hacker News жазды.
Айыппұл компанияға нейрондық желілерді оқыту үшін пайдаланушылардың жеке ақпаратын өңдегенін анықтаған соң бір жылдан кейін салынды.
Ведомство OpenAI ChatGPT-ді оқыту үшін адамдардың жеке ақпаратын құқықтық негізсіз өңдегенін айтты. Бұдан бөлек, компанияға ашықтық принципін және қолданушылар алдындағы ақпараттық міндеттемелерді бұзды деген айып тағылды. Сервисте 13 жасқа дейінгі балалардың жасын тексеру тетігінің болмауына қатысты шағымдар да туындады.
Оған қоса, компанияға радиода, теледидарда, газеттерде және интернетте ChatGPT қалай жұмыс істейтінін түсіндіретін алты айлық ақпараттық науқан өткізуге бұйрық берілді. Науқан ЖИ оқыту үшін деректерді жинау, пайдаланушылардың осы деректерді түзету және жою құқықтары сияқты тақырыптарды қамтуы керек.