Иранда күрд журналисі және құқық қорғаушы Пахшан Азизи өлім жазасына кесілді.
Журналист “бүлік шығарғаны” және “үкіметке қарсы қарулы көтеріліс жасаған топтарға мүшелік еткені” үшін кінәлі деп танылды. Сондай-ақ ол “Күрдістан еркін өмір” партиясына мүше болғаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылды.
Пахшан Азизи телефон соғу және отбасымен кездесу құқығынан айырылған. Бір күн бұрын әйел ашық хат жолдап, көптеген азаптаулар мен қуғын-сүргінге ұшырағанын жазған.
Іс бойынша тыңдаулар мамыр және маусым айларында өткен. Алайда журналистің адвокатына бұл туралы тек 24 шілдеде ғана хабарланды.
Пахшан Азизи 2023 жылдың 4 тамызында Иранның барлау қызметімен қамауға алынды. Сол жылдың желтоқсан айында ол Эвин түрмесінің әйелдер бөліміне сотсыз ауыстырылды.
Айта кетері, Пахшан Азизи адам құқықтарын қорғау қызметімен айналысып, әйелдер құқығының қалыптастыру үшін күрескен.