IPI: Қазақстанның шетел медиасын аккредитациялау туралы түзетуі журналистердің қызметін шектейді

Халықаралық баспасөз институты Қазақстан билігін шетел бұқаралық ақпарат құралдарын аккредитациялауға қатысты ұсынған түзетулерден бас тартуға шақырды.

Институт депутаттардың бұл ұсынысы шетел медиасында істейтін журналистердің қызметін шектейді деп есептейді. Оған қоса ресми органдар интернет-редакциялардың тіркелуін талап ететін болады.

IPI Қазақстанның БАҚ және азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен өзінің БАҚ туралы заңнамасының мазмұнын модернизациялап жатқанын, оған жұмсаған күш-жігерін қолдайды. Бірақ азаматтық қоғаммен талқыланбаған, елдегі сөз еркіндігіне елеулі зиян келтіруі мүмкін кенет өзгерістерге алаңдаймыз. Әсіресе, “Ұлттық қауіпсіз” деген түсініксіз ереже мен аккредиттеуге қатысты жаңа ереженің енгізілгеніне алаңдаймыз. Бұл шетел тілшілерінің Қазақстанда еркін жұмыс істеуіне тыйым салуы мүмкін, олар қуғын-сүргінге ұшырауы мүмкін.

Скотт Гриффен, IPI директорының орынбасары

Гриффенің айтуынша, онлайн-басылымдарды реттеу озық халықаралық тәжірибеге сәйкес жүргізілуге тиіс. Ол билік интернет-редакцияларды тіркеуді қосымша нәрсе ретінде қолдануына болады, бірақ оған міндеттемеуі керек деп санайды.

Factcheck.kz