Интернетте Рим Папасына қатысты дипфейк тарап жүр

Әлеуметтік желілерде Рим Папасы Лев XIV-ке қатысты жалған мәтіндер мен видеолар көбейіп келеді. Бұл туралы Ватиканның ресми сайтында жарияланған мәліметте айтылған.

Жуырда желіде ұзақтығы 36 минуттық бейнеролик тарай бастады. Онда Лев XIV Папа Буркина-Фасоның президенті міндетін атқарушы Ибрагим Траоренің хатына жауап ретінде сөз сөйлеп жатқандай көрінеді.

Дипфейк-видеодағы сөзге қарағанда, Папа бұл хатты «бірнеше рет оқып шығып», ондағы мазмұннан «ұзақ жылдар бойы ұмыт қалған әрі қанауға ұшыраған бүкіл бір құрлықтың әділетті үнін» сезінген.

Видеоны көрген адам Папа Ибрагим Траореге арнайы көлемді жария сөз арнаған екен деген ойда қалуы мүмкін.

Алайда бұл – жасанды интеллект көмегімен жасалған видео. Авторлар Лев XIV Папаның 12 мамырда журналистерге берген аудиенциясынан алынған кадрларға морфиң тәсілін қолданып, мәтінді сол жазбаға қойған.

Контекст

2020 жылы TikTok желісінде Рим Папасы Ротшильдтің қолын сүйіп тұрғандай көрінетін видео тарады. Кейін бұл WhatsApp мессенджерінде де кеңінен тарап кетті. Factcheck.kz анықтағандай, бұл жалған видео болып шыққан.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz