Әлеуметтік желіде миллиардер Илон Масктың “McDonald’s фаст-фуд желісін ресми түрде сатып аламын” деген мәлімдемесі тарап жатыр. Reuters басылымы дәйексөздің рас-өтірігін тексерді.
“Tesla, SpaceX, Neuralink және Twitter сияқты компанияларды басқаратын кәсіпкер ешкім күтпеген хабарландыру жасады. Ол McDonald’s-ті ресми түрде сатып алады“, – делінген Facebook-тегі жазбада.
Reuters агенттігі жазба кемінде 2024 жылғы 15 қазаннан бастап тараған, алғашында Youtube-тегі видеоның атауы ретінде пайдаланылған. Онда мәлімдеменің қай жерде жасалғаны айтылмапты.
Масктың X желісі McDonald’s брендінің ресми аккаунтымен өзара байланыс жасағанымен, онда фаст-фуд желісін сатып алуға қатысты ешқандай ақпарат жоқ.
McDonald’s брендіне иелік ететін компания Нью-Йорк Қор Биржасында (NYSE) тіркелген және өзінің ресми онлайн шоттарында сатып алу туралы хабарламаған.
Оған қоса, McDonald’ s, X және Tesla жазбаға қатысты сұрақтарға жауап бермеді. Сол себепті, Reuters бұл ақпаратты шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді.
Контекст
McDonald’s компаниясы АҚШ-тағы сайлау науқаны кезінде басты назарға ілікті. Камала Харрис Калифорниядағы филиалында жазда жұмыс істегенін айтқан. Ал Трамп қарсыласының сөзін мазақ ету мақсатында McDonald’s-қа барып, фри пісірген.
Басты беттегі сурет Smm Yerevan парақшасынан алынды.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.