Грузия президенті «Шетел ықпалының ашықтығы туралы» заңға вето қойды

Грузия президенті Саломе Зурабишвили парламент үш оқылымда қабылдаған «Шетел ықпалының ашықтығы туралы» заңға вето қойды. Бұл туралы BBC News орыс қызметі хабарлады.

Зурабишвили заңды талқылап жатқанда-ақ вето қоюға уәде берді. Дегенмен парламенттегі 76 депутат заңды қолдап дауыс беріп, тыйымды елемеді. Еске салайық, үшінші оқылымда құжатты қабылдауға 84 адам дауыс берген.

Заңға «шетел державасының мүддесін қорғайтын ұйым» деген термин енгізілген. Олар қаржыландырудың 20%-дан астамын шетелден алатын үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ-тар болып саналады. Олар жылдық қаржылай есептті толтыруы керек. Тіркеуден немесе декларациядан жалтарғандарға 9,5 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынады.

Парламентте заң талқыланып жатқанда көшелерде оған қарсы жаппай наразылықтар болды. Демонстранттар бұл құжат Ресейдің «Шетел агенттері туралы» заңына ұқсайды және ол қабылданса, елде цензура мен қуғын-сүргін күшейеді, Грузияның Еуропалық Одаққа кіруі қиындайды деп санайды. Биліктегі «Грузин арманы» партиясы бұл заң грант алушылардың қаржылай ашықтығын қамтамасыз ету үшін ғана қажет дейді.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz