Германияда Федералдық Конституцияны қорғау қызметі (BFV) парламенттік сайлауды кибершабуылдан, тыңшылық пен қасақана әрекеттерден және жалған ақпараттан қорғау үшін арнайы жұмыс тобын құрды. Бұл елдегі саяси жағдайға шет мемлекеттердің араласу қаупінің алдын алады. Бұл туралы SecurityLab жазды.
Жұмыс тобында барлау, күштік құрылымдар мен халықаралық ұйымдардың мамандары бар. Команда сайлауға кедергі келтіретін әрекеттерді жылдам анықтап, оны болдырмауы керек. Әзірге топтың қалай жұмыс істейтіні туралы ақпарат жоқ.
Германияда кезектен тыс парламенттік сайлау 23 ақпанға жоспарланғанын айта кетейік. Дауыс беру канцлер Олаф Шольц бастаған үш партиялы коалиция ыдырағаннан кейін өткізіледі.
Контекст
Биыл цифрлық өшпенділікке қарсы орталықтың (СCDH, британдық коммерциялық емес ұйым) зерттеуі сайлауға қатысты жалған кескіндердің көбейгенін айтқан.