Fitch агенттігінің Bereke Bank-ты мониториң тізіміне қосқаны – жай ғана процесс

Халықаралық Fitch рейтиң агенттігі Bereke Bank-тың ұзақ мерзімді рейтиңін «BB» деңгейінде екенін растады. Банктың акционері ауысқан жағдайда бағалау үшін емес, ресми процесс ретінде оның деңгейіне қатысты мониториң жасалады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

26 ақпанда Fitch Ratings Bereke Bank-ты рейтиңінің “negative watch“ деген тізіміне қосты. Бұл жақында компанияның кредиттік рейтиңі түсіп кетуі мүмкін дегенді білдіреді. Бұған катарлық Lesha Bank-тың «Бәйтерек ҰБХ» акционерлік қорымен алдын ала келісім жасағанын, банк акциясының 100%-ін сатып алатынын мәлімдегені себеп болды.

Алайда Bereke Bank олардың жағдайы тұрақты екенін мәлімдеп отыр.

Рейтиңді жариялаған сайттың мәліметі бойынша, катарлық Lesha Bank Bereke bank-ты сатып алса, банктың рейтиңдегі орны төмендеуі мүмкін. Одан кейін Bereke bank-қа Қазақстанның, жаңа акционерлердің қолдап-қолдамайтыны белгісіз. Оған қоса банк рейтиңнің қазіргі тұрақты “BB” деңгейінен әлдеқайда төмен түсіп кетуі ықтимал.

Ал ешқандай сатып-алу болмаса, Bereke bank-тың қазіргі жағдайы өзгермесе, мемлекет көмек беруін тоқтатпаса, агенттік рейтиңнің қазіргі нәтижесін дұрыс деп көреді.

27 ақпанда Bereke bank пресс-релизін жариялады. Онда ұйым акционерінің ауысқаны қалыпты әрі жүйелі процесс екені жазылған.

«Bereke bank-тың позициясы тұрақты. 2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін банк ай сайынғы кірісін жиды, барлық пруденциал стандартты сақтады және негізгі қаржы көрсеткішін жақсартып жатыр», – делінген баспасөз хабарламасында.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz