БҰҰ “Жаңа дүниежүзілік тәртіп” деген сайт ашты ма?

2023 жылы 7 наурызда Facebook қолданушысы Біріккен Ұлттар Ұйымының “Жаңа дүниежүзілік тәртіп” деген сайт ашқанын хабарлаған (тікелей сілтеме, архив сілтеме). USA Today фактчекерлері ақпаратты тексеріп көрді.

Қазір ғана маған Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа дүниежүзілік тәртіп сайтын ашқанын хабарлады“, – дейді видеоның кадры сыртында сөйлеп жатқан адам. Кейін ол сайт скриншотын көрсетеді. Онда “Біріккен Ұлттар Ұйымының “Жаңа дүниежүзілік тәртіп” жобасы 2008 жылы құрылған жоғары деңгейдегі жаһандық бастама” деп жазылған.

Желі қолданушылары видеоны бір айда жүзден астам рет бөлісті. Дегенмен “Жаңа дүниежүзілік тәртіп” тұжырымдамасы “жаһандық элиталар тобы билікті басып алып, біртұтас әлемдік үкімет құруды жоспарлап отыр” деген қастандық теориясына байланысты. Ал видеода көрсетілген сайттың БҰҰ-ға еш қатысы жоқ. Оған қоса ол тәуелсіз жоба ретінде сипатталады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаңа дүниежүзілік тәртіп жобасы — БҰҰ-дағы және әлемдегі жаңа тәртіпті қарастыратын жаһандық тәуелсіз бастама. Құжаттағы ұстаным мен көзқарас тек “Жаңа дүниежүзілік тәртіп” жобасына тиесілі және Біріккен Ұлттар Ұйымының көзқарасы дегенді білдірмейді“, – делінген мәлімдемеде.

БҰҰ-ның ресми парақшасы да, медиа өкілдері де “Жаңа дүниежүзілік тәртіп” жобасы туралы жазбаған. Сонымен қатар БҰҰ 2020 жылы дәл осыған ұқсас мәлімдемені жоққа шығарған.

Factcheck.kz