Желіде жиналыста кокаин шеккен адамның видеосы тарады. Көпшілік оны Еуропарламент депутаты деп топшылады. “Проверено” фактчекерлері бейнені тексеріп көрді.
Видеоны бірнеше жерден көруге болады (мұнда және мұнда).
Бейне шынайы, кадрдағы адам – Йенс Майер. Дегенмен ол Еуропарламенттың емес, Германияның федерал парламенті Бундестагтың бұрынғы мүшесі. Еуропарламент депутаттары тізімінде Йенс Майер жоқ.
Видео осы жылы кеңінен тарағанымен, ол шындығында 2020 жылы 19 маусымда бундестаг жиынында түсірілген трансляция үзіндісі.
Оған қоса фактчекерлер Йенс Майердың қолындағы снюс деген табак екенін анықтады. Германия заңы бұл табакты емін-еркін қолдануға, сатуға рұқсат береді. Сонымен қатар депутат 2017 жылы MDR радиостанциясына берген сұхбатында оның әлсіз тұсы қуырылған картоп пен табак екенін хабарлаған.