Еуроодақ Грузияның интеграция процесін тоқтатты. Бұл туралы Еуропа Одағының Грузиядағы елшісі Павел Герчинский Тбилисиде Еуроодақтың кеңеюі туралы халықаралық конференцияда хабарлады.
Герчинскийдің айтуынша, қазіргі Грузия үкіметінің ойы түсініксіз. Ол ел парламенті қабылдаған “Шетел ықпалының ашықтығы туралы” заңды Тбилисидің Еуроодаққа барар жолындағы басқа жетістіктеріне қарағанда “кері қадам” деп айтты.
“Батысқа қарсы, Еуропаға қарсы риторика Еуроодаққа кіру мақсатына мүлдем сәйкес келмейді”, – деді Герчинский.
Герчинский Грузияның Еуропа одағына қосылуы бойынша жұмыс 2024 жылғы қазанда өткелі отырған парламент сайлауынан кейін жалғасады деп үміттенеді.