Эминем иттерге пана салуға 10 миллион доллар бөлем деді ме?

Мамырдың соңында әйгілі америкалық рэпер Эминемнің қаңғыбас иттерге арналған пана салуға 10 миллион доллар жұмсамақ болғаны туралы ақпарат кеңінен тарады. Snopes фактчекерлері бұл мәліметтің рас-өтірігін анықтап көрді.

Пайдаланушылар бұл жаңалықты Facebook, Instagram, Threads, TikTok, X және YouTube желілерінде бөліскен.

Алайда Bing, DuckDuckGo, Google және Yahoo жүйелерінен іздегенде, Эминемнің мұндай жоспары жөнінде ешбір жаңалықтар сайтынан ақпарат табылмады.

Оған қоса, әлеуметтік желідегі жазбаларда рэпердің жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттері қолданылған. Кейбір посттардың астынан жарнамаға толы күмәнді сайттарға сілтемелер берілген.

Эминем иттерге пана салуға 10 миллион доллар бөлем деді ме?
Facebook-тегі «Eminem Logic» парақшасынан алынған жазба

Мұндай жалған жарияланымдар әдейі, жарнамалар арқылы пайда табу мақсатында таратылған болуы мүмкін.

Контекст

Интернетте «иттер — адам мимикасын түсініп, эмоциясын танитын жалғыз жануар» деген мәлімдеме жиі кездеседі. Бұл тұжырым көбінесе үй жануарларына қатысты қызықты деректер ретінде таралады. Factcheck.kz бұл ақпараттың ғылыми негізін тексеріп көрді.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz